ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

30.09.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау кестесіне сай тұрғындармен кездесті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі түйткілдердің түйіні тарқатылды.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, тұрғын үйге кезекке тұру, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді, ұсыныстарын жеткізді. Облыс басшысы тарапынан жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, Дархан Сатыбалдымен кездескен Сарыағаш ауданының тұрғыны баспана сұрап келді. Мүгедек азамат бірнеше рет аудан әкімінің жеке қабылдауына келіп, тұрғын үй кезегінде тұру мәселесін көтерген. Алайда бұл отбасының екі үйі бары анықталған. Жылжымайтын мүліктерді иеліктен шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен кейін кезекке тұруға қайта өтінім беру мүмкіндігі бары түсіндірілді.
Сарыағаш ауданының тұрғыны Нұржан Артыхов дәрігерлерге алғыс айту үшін келгенін айтты. Сонымен қатар І топ мүгедегі көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кей халық қалаулыларына ризашылығын білдірді. Сарыағаштық азамат мүгедектерге арналған пандус мәселесін де көтерді. Тұрғынның өтініші негізінде тексеру жұмыстары басталатын болды.
– Мен ауруханаға түскен сайын дәрігерлердің жанкештілігіне таң қаламын. Екі аяғымнан айрылғанмын, бірнеше ота жасалған. Дәрігерлердің арқасында аман жүрмін. Сол үшін алғыс айтамын. Бүгінде көп жағдайда рахмет айтуды ұмытып жатамыз. Жақсылықты айтуға ұялатын заман болды. Соған жаным ауырады. Жатып ішер жалқауларды көз көріп жүр. Ондайға жай қарап тұра алмаймын. Айтып жүремін. Қоғамда масылдық дендеп, жалқаулық жайлап алмас үшін әрекет керек. Ал әрекетті әдетке айналдыру әркімнің өзінің қолында, – деді Сарыағаш ауданының тұрғыны Нұржан Артыхов.
Қабылдауға келген облыс тұрғыны ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді халыққа қайтару мәселесін көтерді. Облыс бойынша жыл басындағы елді мекендердегі жұртшылық шаруашылығындағы шартты мал басына жайылым қажеттілігі 2122,2 мың гектарды құрады. 2023 жылға ортақ жайылым көлемін екі бағыт бойынша 1015,0 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылса, қалған 681,8 мың гектарды елді мекендердегі жайылым жүктемесінен төмендету арқылы қол жеткізу көзделген.
Аудан, қала әкімдіктері тарапынан 201,7 мың га жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жалпы облыс бойынша жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан немесе заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланылып отырған 189 349,72 га жер учаскесі қайтарылған. Оның ішінде 5 686,34 га егістік, 183 125,70 га жайылым, 537,59 га басқа мақсаттағы жер учаскелері бар.
Өңір басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.
– Шын мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды. Бұл ретте тұрғындардың әрбір өтініші ескерусіз әрі жауапсыз қалмауы тиіс. Барлық мәселе заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып шешіледі. Кейбір сауалдардың шешімін бірден тапсақ, кейбірін іске асыру үшін ұзақ мерзім қажет,– деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.
Облыс әкімі бүгінге дейін 100-ге жуық жеке қабылдау өткізіп, 300-ге жуық тұрғынның мәселесін тыңдады. Сондай-ақ аудандарға жұмыс сапары барысында 200-ден астам тұрғынды жеке қабылдады. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫ 10,3 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.