ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ ТӘУЛІГІНЕ 600 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ ТӘУЛІГІНЕ 600 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

25.09.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ ТӘУЛІГІНЕ 600 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.
Тур аясында журналистер әуелі Азаттық ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты. Аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Жалпы 2023 жылға аудандық бюджеттен 95 млн. теңге бөлініп, 9 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
БАҚ өкілдері кейін Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Қазақ ССР-нің 40 жылдығы ауылында болып, жаңадан салынып жатқан мақта талшығын өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты. 2023 жылдың шілде айында аудан әкімі Бақыт Асанов аудан аумағында зауыт-фабрикалар ашу бойынша облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына және көршілес Өзбекстан Республикасына барып келген болатын. Мақтааралдық жеке кәсіпкер Қабыл Боев жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын мақта өңдейтін зауыт құрылысын бастаған. “Cotton-Мақта” ЖШС-ң өндіріс орны биыл іске қосылмақ. Зауыттың жылдық қуаттылығы — 60 мың тонна, тәулігіне 600 тонна мақта талшығын өңдейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде 50 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Мұнан соң журналистер Бірлік ауылдық округіне қарасты Өркениет ауылында орналасқан 200 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы ауданда 2018-2023 жылдар аралығында 17 мемлекеттік мектептің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілген. Биыл Еркінабад, Азамат, Өркениет және Нұрлыжол елді мекендерінен 200 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасымен жаңадан тағы 5 мектептің құрылысы жоспарланып, 2 мектептің құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
Кейін журналистер Иіржар ауылдық округі Азамат ауылындағы «Нұрмағанбет» шаруа қожалығына барды. Биыл қожалықтың иесі 7,5 гектар жерге мақта егіп, бүгінде өнім жинап жатыр. Жалпы биыл мақтааралдық шаруалар 36 мың гектардан аса жерге мақта еккен. Қазігі таңда диқандар мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, мақта жинау науқанын бастап кетті. Қазіргі таңда мақта зауыттары мен қабылдау бекеттері толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай шаруаларға таратылуда. Бүгінде 3 мыңнан аса егістік алқаптан 7,7 мың тонна мақта жиналды.
Сонымен қатар, журналистер аудан орталығы Мырзакент кентінде пайдалануға берілген екі қабаттан тұратын спорт сарайын аралап шықты. Жаңа спорт сарайы екі қабаттан тұрады. Ғимаратта екі үлкен спорт залы, жаттығу залы мен сабақ өтуге арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ, спорт залда гандбол, баскетбол, волейбол, күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕС: ӨНДІРІЛГЕН АУМАҚТЫҚ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН 119,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.