ORDABASY: ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ORDABASY: ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

08.09.2023
Жаңалықтар
0
ORDABASY: ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
«Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Ауданды, ауылды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды», деді аудан әкімі есеп беру жиынында.
Ең әуелі аудан басшысы Төрткүл ауыл округі бойынша 2023 жылға кірістердің жылдық жоспары 62 млн. 703 мың теңгені құрап, өткен 8 айда округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 115 пайызға орындалғанын баяндады. Оның ішінде өзіндік кірістердің жылдық жоспары 32 млн. 253 мың теңгеге жетіп, жоспарланған бюджет кірістері жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін айта келе ауыл тұрғындарына округ бюджетіне түсетін аталған салықтардың Төрткүлдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталатынын айтты.
Аудан басшысы баяндамасында шаруашылыққа қажетті ағын су, ауыл тұрғындарына қажетті инфрақұрылым жұмыстарына айрықша тоқталып өтті.
Айта кетерлігі, ауылдық округте 10 774 гектар суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз ететін 22 канал болса, биыл оның 3 каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, 4 каналды күрделі жөндеуден өткізуге тиісті құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстарын 2024-2027 жылдары жүргізу бойынша салалық басқармамен жұмыстар жүргізілуде.
Ал, алдағы қазан-қараша айларында тағы 5 каналдың 15,6 шақырым бөлігін механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аудан әкімі ауыл көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз сумен, электр энергиясы, көгілдір отынмен қамту бойынша салалық бөлім тарапынан қолға алынған жобаларды көпшілік назарына ұсынды.
Атап айтар болсақ, биыл Спатаев ауылы Спатаев көшесі, Қызылжар ауылы Елшібекұлы, Тоқбергенұлы, Құрманбекұлы, Әшірімбетұлы көшелері, Еңбекші ауылы Төлегенов, Тоқсанбаев, Еңбекші, Келешек көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ақсары ауылы Райымбек батыр көшесінің 0,4 шақырымына тас төсеу бойынша мемлекеттік сатып алу құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, Көкарал ауылындағы мектепке баратын жолға жарықтандыру құралдарын орнату, балалар және спорт алаңшасын орнату, Жайылма ауылы Ақмола зиратына баратын жолға тас төсеу, Ақсары ауылы Молдағұлова көшесіне тас төсеу жұмыстары қолға алынбақ.
2023-2024 жылдарға Төрткөл, Қызылжар және Спатаев ауылдарының Жаңа құрылыс аумақтарына сапалы электр энергиясын жүргізу мақсатында «ККС Констракшн груп» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Қызылжар және Спатаев ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалық ретінде жыл соңына дейін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында ауылдағы 11,1 шақырым электр желісі және 3 дана электр трансформаторы жаңартылатын болады.
Төрткөл және Көкарал-Еңбекші елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін қайта құруға қажетті құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы негізінде келер жылдың бюджеттік нақтылауына ұсыныс берілмек.
Ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде 2021 жылы құрылысы басталған 6 елді мекеннің 4 елді мекені қараша айында қосылу жоспарланса, 2 елді мекен құрылысы келесі жылға өтпелі. Нұра елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Азат Әбдіғалиұлы төрткүлдіктер үшін маңызды мәселе – ортақ жайылымдардың мән-жайын назардан тыс қалдырмады. Бұл мақсатта салалық бөлімнің атқарған жұмыстарын жұртшылыққа айтып өтті.
«Ауылда жайылымдық жерлердің жалпы ауданы 7 103 гектарды құраса, оның 1 456 гектары елді мекендердің ортақ жайылымдық жерлері ретінде 2019-2022 жылдары бекітіліп берілген.
2023 жылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы аудан әкімдігінің Қаулысы негізінде 865 гектар жердің ішінен 164 гектар жер учаскесі өз еркімен қайтарылды. Қалған 701 гектар жер учаскелерін ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес, сот тәртібімен мәжбүрлі түрде иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде.
Ауылда денсаулық сақтау, білім беру бағытында да тындырымды тірліктер жетерлік. Соның бірі ретінде осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылжар елді мекенінен ФАП құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында алда Еңбекші ауылынан ФАП құрылысы жүргізіліп, келер жылы ел игілігіне берілмек. Ал, 2021 жылы құрылысы басталған 2 білім нысаны келер жылы пайдалануға беру көзделуде», деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Тұрғындармен есепті кездесуден соң аудан әкімі Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізі бойында орналасқан ауыл орталығын аралап, ауыл көшелерінің тазалығы, тұрғын үйлердің қаскелбетін ретке келтіру бойынша ауылдық округ әкімі мен салалық бөлім жауаптыларына нақты тапсырма берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: БӨРЖАРДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.