ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҚОЛҒА АЛҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҚОЛҒА АЛҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР

15.08.2023
Жаңалықтар
0
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҚОЛҒА АЛҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнер. Қолөнер өресі биік, өрісі кең өнер.
Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер бүгінде өскелең ұрпаққа дәріптеп, ауыл келіндеріне үйретіп отыр.
Күн санап құлаштап дамып отырған қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс тіршілігі де әралуан. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеу және балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту, оны тәрбиелеу.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті нығайту, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету жолында бүкіл күш-жігерін жұмсап, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, тіл мен қолөнерді дәріптеп жүрген Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округінің әжелері ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйретіп келеді.
Бүгінде жастары жетпіске жақындаған әжелер қолданыстан шығып қалған ұлттық ою-өрнектерді ою, оларды бастырмалау, тоқыма мен кесте тоқу, киіз басу, ши және кілем тоқу, құрақ құрау мен тері илеу арқылы 20-ға тарта бұйымдарды жасайды.
Айта кетейік, ауыл әжелерінің қолдарынан шыққан бұйымдарға Жетісай, Мақтаарал аудандарымен қатар облыс орталығынан да тапсырыс түсіп тұрады.
«Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, қолмен істеп, көзбен көрсетіп, тәжірибе арқылы орындап келеміз. Егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жаңғыртып жатыр. Әр ұлттың өзіне тән қолөнері бары анық. Біздің халықымыздың қолөнерінің түп-тамыры – халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты» дейді қолөнерші әжей Ұлбосын Кенжебаева.
1980 жылдардан бастап қолөнерді кәсіп етіп келе жатқан әжелердің ізін басып, ұлттық қолөнерді игеру арқылы өз халқының тарихи құндылықтарын біліп, мәдени мұрасын қадірлеуге, салт-дәстүрлерін бойларына сақтап, кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, этникалық, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруға қызығушылық танытып жүрген ауыл жастары да аз емес.
«Апаларымыз әрбір жұмыс барысында біздің бойымыздан шыдамдылық пен ұқыптылықты, саусақтардың икемділігі мен шапшаң бітіруге деген құлшыныстар сияқты әрекеттердің үнемі болуын ескертіп отырады. Сондықтан болар өз ісімізге деген сүйіспеншілігіміз оянып, өз ісімізге мақтанышпен қараймыз. Өз-өзімізге деген сенімділік пайда болады.
Осындай сеніміділіктің арқасында қолөнерге деген қызығушылығымызды арттырып, халық өнерін насихаттап, оны түрлі қиялмен жаңартып, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса игілікті іс» дейді көпбалалы ана Меруерт Ізімханова.
Саналы ғұмырын ел дамуына арнап, зейнеткерлік жасында да ұрпақ тәрбиесінен қол үзбей өскелең ұрпақтың ойын тереңдетуде, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, еңбекке қызығушылықтары мен ой-өрістерін кеңейтуде, сонымен қатар, эстетикалық талғам деңгейлерін жоғарылату мақсатында жетісайлық әжелердің атқарып отырған жұмыстары жастардың жаңа өмірге бейімделіп, мамандықты меңгерудің алғы бастамасы болары анық.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ АБИЛИТАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.