ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

21.08.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Негізгі табысын диханшылық жасап табатын жетісайлық жер емген жұртшылық үшін сепкен тұқым мен еккен көшеттің өнімді, бағаның жоғары болып шығынды толықтай жапқаны аса қажет. Өйткені, той-томалағы мен алдағы атқарылар жоспардың бәрі де Жер-Ананың жомарттығына тікелей байланысты болмақ.
Әдетте ауыл азаматтары егістік алқапқа бір емес, бірнеше дақылдың тұқымын себуге, бір жерден бір жылда бірнеше өнім алуға машықтанып келеді. Ол да болса тауар сұранысына қарай кеткен шығынды ақтап, табысқа қол жеткізудің бір тәсілі.
Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округінің Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Махарам» шаруа қожалығының төрағасы Махарам Нифталиев егістік алқабына бірнеше дақылды өсіруді қолға шаруалардың бірі.
2004 жылы негізі қаланған қожалықтың иелігінде бүгінде 86 гектар жер бар. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Биылғы жылы 40 гектардан астам жерге егілген қауыннан 130 тонна, 7 гектарға егілген жаңа жүзімнен 70 тонна өнім алған қожалық жүзімді көршілес аудандармен қатар Түркістан, Шымкент қалаларына көтерме бағада сатуда. Ең алғаш осыдан 10 жыл бұрын жүзім шаруашылығын қолға алған Махарам Нифталиевтың өз алушылары бар. Ешқандай дәрі-дәрмексіз табиғи таза өнімге деген сұраныс та жоғары.
Одан бөлек мақта, жүгері мен жоңышқа егетін қожалықтың еншісінде 750 бас ұсақ мал мен 60 бас мүйізді қара, 17 дана ауыл шаруашылығы техникалары бар.
«Мүмкіндігінше өзімізді-өзіміз қамтамасыз етсек дейміз. Сол үшін де егістікке қажетті техникалардың санын арттырып, мал шаруашылығын қоса дамытуды қолға алып отырмыз. Қаражат қажет болғанда малдарымызды сатамыз, пайдамызға мал аламыз, техникаларымызды жаңартамыз.
Алдағы уақытта мемлекеттік гранттарға қатысып, шикізатты қайта өңдеу ісін қолға алсақ деген жоспарымыз да жоқ емес» дейді қожалық төрағасы Махарам Сафарұлы.
Жалпы егістік жер көлемі 2434,3 гектарды құрайтын Абай ауылдық округінде биылғы жылы 457 гектарға мақта, 310,9 гектарға қырыққабат, болгар бұрышы, баклажан, қызанақ, қияр сынды көкөністер егілген. 1132,1 гектарға пленка астындағы, ал, 100 гектар ашық топыраққа егілген қауыннан 53 996 тонна, 112 гектарға пленка астына егілген қарбыздан 3435 тонна өнім алынған. Сонымен қатар, округтегі 60 гектарға егілген көпжылдық жүзімнен жоспардағыдай өнім жиналған.
Мәлімет үшін айта кетейік, ауданда бүгінгі таңда 467 гектар алқапқа жүзімнің Кишмиш, Дамский, Тайфи, Ризамат және Украйна мемлекетінен келген Аркадия, Лидия, Байқоңыр, Анюта, Велес, Кодрянка, Преображение, Академик, Дубовский сынды сорттары егіліп, 2300 тонна өнім алынған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ЗОР МҮМКІНДІК

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.