Д.САТЫБАЛДЫ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ҚҰРУ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Д.САТЫБАЛДЫ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ҚҰРУ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

26.08.2023
Жаңалықтар
0
Д.САТЫБАЛДЫ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ҚҰРУ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен кездесіп, Жетісайда өзбекстандық «TST GROUP» компаниясымен ынтымақтаса отырып мақта-тоқыма кластерін құру туралы талқылады. Қазақстан тарапынан жауапты кәсіпорын — «TST Jetysay Textile». Жоба құны 41,5 млн.долларды құрайды. Зауытта мақта өсіруден бастап, оның жанама өнiмдерiн терең өңдеп, дайын бұйым жасап шығарады. Экспортқа шығару жолдары да қаралады.
Бұл мақсатта жұмыс тобы құрылып, құжаттары әзірленген. Бизнес-жоспар дайындалуда. Асықата кентінде инвестициялық жобаға арналған 5 га жер учаскесі белгіленген.
Инвестициялық жоба “Индустрияландыру картасына” енгізіледі. Мемлекеттік қаржы институттары тарапынан қаржылық қолдау, инфрақұрылым жүргізу қажет.
– Мақта кластерін дамыту біздің өңір үшін ең маңызды бағыттардың бірі. Түркістан облысында мақта кластерін құру жобасы әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыстарға күш саламыз. Облыстың өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен қатар мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Өндіріс орнында жылына 7500 тонна тоқыма жібі, 5000 тонна мата, сондай-ақ 800 мың дана тоқыма бұйымдары шығарылады. Қазақстанда шитті мақта өсіруді және оны дайын тоқыма бұйымдарына дейін одан әрі өңдеуді қамтитын тік интеграцияланған кластердің моделі әзірленді. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен 2023-2028 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Дайын бұйымдар (тоқыма жібі) өндірісі жобамен 2025 жылдың шілдесіне іске қосылмақ. Зауытта 1450 жаңа жұмыс орны ашылады.
Алда орындайтын мақсаттарға жердiң құнарлылығын арттыру жолында ауыспалы егiстi ендiру, ол үшiн мақта саласын әртараптандыру, ағын сумен толық қамтамасыз ету, жердiң мелиорациялық ахуалын жақсарту, тұқым шаруашылығын жүйеге келтiру, тыңайтқыштарымен толық қамтамасыз ету жатады.
Осылайша еліміздің ішкі нарығын мақтадан дайындалған тауарлар мен бұйымдармен толықтырып, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру көзделген. Ол үшін өнімдер мен бұйымдардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру маңызды. Мақта өсіретін және өңдейтін дамыған елдер тәжірибесі терең өңдеу тізбегін ұзартуда инновацияны қолданып саланың экономикадағы үлесін арттырмақ.
Мақта — тоқыма кластері -– бір шикізат яғни шитті мақтаға негізделген өнім трансформациясы (технологиялық тізбек, дайын өнім және сату) үдерісінің тізбегіндегі өзара экономикалық — өндірістік байланыстардың бір өңірде шоғырланған компаниялар тобы.
Мақта-тоқыма кластерінің негізгі мақсаты — терең өңдеу технологиялық тізбегінде (өндіріс-өңдеу-өткізу) қосылған құн мөлшерін арттыру. Мақта маталарынан дайын киім-кешек, үй-жиһаздары, тағы басқа қосылған құны жоғары бұйымдар мен тауарларды өндіру және сатудан алынатын табыс бастапқы шикізат сатумен салыстырғанда бірнеше еселеп артады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Д.САТЫБАЛДЫ: «ШАРДАРАДАҒЫ ЗАУЫТ ЖҮГЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.