САУРАН: ЕСКІ ИҚАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ҚАТЫСУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САУРАН: ЕСКІ ИҚАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ҚАТЫСУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

08.08.2023
Жаңалықтар
0
САУРАН: ЕСКІ ИҚАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ҚАТЫСУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Өткен жолғы кездесуде көтерілген бірқатар мәселе оң шешімін тапқан. Алайда уақыт пен бюджеттің жоспарына байланып шешімін күткен тірлік те аз емес. Алдымен әкім ауданда ІІ тоқсанда атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталды. Ілкімді істерді тізбектеді. Алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ескі Иқандық тұрғындарды қызықтырғаны «Ауыл аманаты» жобасы. Қатысуға ниеттілер көп. 2,5 пайызбен несие алып өз шаруамды дөңгелетсем деген тұрғындардың сұрағына жауапты мамандар тәппіштеп жауап берді. Алайда несиеге өтінім беріп тауы шағылғандар да жоқ емес. Несие аларда кепілге қойылатын мүлікті бағалауға келгенде тиісті мекеме төмен баға беретін көрінеді. Ал жобаға жауапты мамандардың жауабы біреу. Заңнан асып кете алмайды. Жөн-ақ. Мемлекеттің әрбір тиынының сұрауы бар. Несиенің өтеуі тағы бар. Алынған несие тек мақсатты түрде жұмсалу қажет. Пайызы төмен несиені алып, оңды солды жарата алмайсың. Өзіңді жұмыспен қамтисың. Мұқтаждығыңнан арыласың. Жобаның басты мақсаты да осы. Шаруаң дөңгелесе игілігін ел көреді.
🔷️ Республикалық «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына ауданға қарасты 4 ауыл округ енгізілген. Аталған 4 ауылдық округтен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жалпы құны 349,8 млн теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданып, оның ішінде 111,0 млн.теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды. Ескі Иқан ауыл округі пилоттық жобаға енгізілген төрттіктің бірі. Ауыл округ бойынша 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуда. Иқан Агро-2″ АШӨК отбасылық сүт фермасын ашуға ниетті. Ал, SAMRUQ 2023″ АШӨК отбасылық мал бордақылау алаңдарын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек несие алуға 7 жобаның құжаттары өткізіліп, «Ырыс» несие қаржы ұйымынан 41,0 млн теңгені құрайтын несие алуға мақұлданды. Ауылдық округ бойынша 21 жоба толық дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на өткізуге дайын тұр.
Аудан әкімі жиын барысында тұрғындарды бағдарламаға қатысуға шақырды. Шаруалардың берекесін тасытуға бағытталған бағдарлама тиімді ақ. Тек тәуекел етіп, белді бекем байлап кіріссе болғаны.
Ескі Иқанның мал шаруашылығын дамытуда әлеуеті зор. Аудандағы потенциялы жоғары ауыл. Халқы еңбекқор. Мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Сіздермен әр кездесуімде түрлі мәселені талқыладық. Бірқатары орындалды. Оған өздеріңіз куәсіздер. Біз әр ауылды жаңарту арқылы Сауран ауданын гүлдендіреміз. Оған сіздер де елдің жанашыр азаматы ретінде атсалысуларыңыз қажет. Мемлекет тарапынан жасалынған әрбір мүлікке тиянақты, жанашырлықпен қарауға шақырамын. Ауылдың тұрғындары сіздер. Демек, ауылдың таза болуы сіздерге байланысты. Тазалық айларында ауылдың тазалығына атсалысқан әрбір тұрғынға мен алғыс білдіремін. Туған елге деген сүйіспеншілік табалдырықтан басталады. Оған бәріміз жауаптымыз- деп сөзін аяқтады Ғалымжан Қарабайұлы.
Есепті кездесуде көтерілген мәселе екшеленіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырламалар берілді. Аудан әкімінің халықпен есепті кездесуі күні ертең 09.08.2023 жылы сағ: 11-00 де Шаға ауыл округінде, ал сағ: 16-00 де Үшқайық ауыл округінде өтеді деп жоспарлануда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУБСИДИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.