Қариялар төрге озды — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қариялар төрге озды

02.06.2023
Қоғам
0
Қариялар төрге озды

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы біріге отырып танымдық, тағылымдық кеш өткізді.
Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіхалық Ағабеков ауылдық ардагерлер кеңесінің ауыл әкімдігімен бірлесе атқарған жұмыстарының есебін берді. Жамбыл ауылдық округіне қарасты бес елді мекен Жамбыл, Шыбыт, Жүзімдік, Тасқұдық Қызылжарда барлығы 253 зейнеткер бар екен. Соның ішінде 5 — жалғыз басты ана, 8 — тыл ардагері, 2 — соғыс ардагері, 1 — Семей полигонынан зардап шеккен жан, 10 — Батыр ана, 45 — алтын алқа иегерлері және 81 — күміс алқа иегерлері есепте тұрады. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деген халқымыз. «Қариясы бар үйдің – құты бар» дейді ауылдық ардагерлер кеңесін басқарып отырған Әбдіхалық ағамыз.
Міне, осынау қазыналы қарттармен жұмыс істеуде төрағаға көп міндеттер жүктелген. Ардагерлердің жағдайы, тұрмысы, олардың талап-тілектерін орындауда ауылдарда көп тірліктер атқарылуы тиіс. Аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай ауыл қариялары барлық тірлікте ауыл әкімін алға сала отырып бітіретінін айтып өтті.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген осы. Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесі күнделікті күйбең тірлікпен ғана шектеліп қалмай ауылға қатысты жұмыстарға да араласып отырған. Атап айтқанда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалуына көңіл бөлген.
Жамбыл-Шаян бағытындағы облыстың (ұзындығы 15,1 шақырым) маңызы бар КХ4 автомобиль жолының сапалы жөнделуін назарда ұстаған. Шыбыт елді мекенінен фелдшерлік-акушерлік пункт салу жөнінде ұсыныс жасаған. Жүзімдіктегі каналды механикалық тазалаудан өткізу жөнінде тиісті орындарды хабардар еткен.
Ең бастысы осы төрт ұсыныстың үшеуі шешімін тауып, біреуі келесі жылға жоспарланыпты. Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінде жұмыстың жүріп жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады.
Елдің жайын шешуде Балқыбек Жамалбеков, Сүннетулла Абдуллаев, Жылқайдар Амизов, Жайлаубай Сәрсенбаев, Адил Абдраймов, Қараби Батыров, Түймебек Сәрсенбекұлы, Сейдулла Тұрлыбеков, Совет Бейсенбиев тағы да басқа бұлардан бөлек көптеген ауыл аналары қоғамдық жұмыстан қол үзбей келеді екен. Көптеген іс-шаралар өткізген. Қариялар Түркістанға сапарлап келген.
Ауыл ағасының сөзін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай жалғастырды. Іске асыруға тиіс кейбір жұмыстарды ауыл төрағасына міндеттеп берді. Партия ардагері Тұрсынәлі Қырғызәліұлы мен аудандық «Аlǵabas» газетінің редакторы Абзал Әлішерұлы және аудандық мәслихаттың депутаты Шыныбек Балқыбекұлы сөз сөйледі.
Иә, ардагерлер ұйымының құрылғанына биыл 36 жыл болса, әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толып отыр.
Аудандық әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева ауданда әжелер тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Жамбыл ауылдық әжелер алқасының жұмысын жоғары бағалады. Жамбыл ауылдық әжелер алқасының төрайымы Марина Маликова осынау іс-шараға халқымыздың «тұсау кесер» дәстүрін көрсетуде. Әтір Әлиева сахнада Бақытжан Алматтың тұсауын кесті. Әжелер алқасы концерттік бағдарлама да дайындапты.
Кеш әжелер төрайымы Марина Маликова мен алқа мүшесі Жеңіс Дүмшебаевтың орындауындағы «Ана мен бала» әнімен қорытыланды.
А.МҰХАМЕДКӘРІМҚЫЗЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Әділ әлеуметтік саясат – Әділетті Қазақстанды құрудың кепілі!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

09.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.