Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов “Астана күніне” орай 51 көпбалалы анаға
(10 — “Алтын алқа”, 41 — “Күміс алқа”) «Алтын» және «Күміс» алқа табыстады.
Ордабасы ауданында «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналардың қатары жыл санап артып келе жатқандығын, еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып отырған алтын құрсақты аналарға деген құрметтің толастамайтындығын айтқан аудан әкімі марапат иелеріне мықты денсаулық пен отбасыларына амандық тіледі.