2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі 224-VII «Әлеуметтік Кодексі» нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары аясында жиын өтті.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғалымбек Боранбек, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Алтай Кенжебаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Хадиша Мақұлбаева және Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуге келген тұрғындар мен қызметкерлерге 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап күшіне енетін «Әлеуметтік кодекс» нормаларының негізгі бағыттары және оның енгізуіне байланысты жаңалықтар мен өзгерістер туралы қысқаша сипаттама беріп, атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндіріп өтті.