ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

20.07.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы тұрғындарын әлеуметтік қамтамасыз етуді, халықтың кірісін арттыруды, жұмыспен қамтуды жүзеге асыру бағыында бірқатар шаралар қолға алынуда.
Облыста кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар ашу бағытына басымдық беріліп жатыр. Осы орайда, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысына инвестициялар тартуға және инвесторлардың өзекті мәселелерін қарастыру үшін инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Отырысқа жауапты сала басшылары, инвесторлар және аудан, қала әкімдері қатысты. Жиында өңірде жүзеге асырылатын 20-ға жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Солардың бірі – Түркиялық «Isiklar Ambalaj PAZ. AS» компаниясы Түркістан қаласындағы инудстриялды аймағынан қуаттылығы жылына 250-300 млн. дана қағаз қапшықтарын шығаратын зауыт салуға ниетті. Қазіргі таңда жобаның жол картасы бекітіліп, инвесторлар тарапынан тиісті құжаттар әзірленуде. Аталған компания жетекшісі Хусейн Оканың айтуынша, жоба 2023-2024 жылдары жүзеге аспақ. Жоба құны – 3,7 млрд. теңге. 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
– Инвесторларға инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша қолдау көрсетеміз. Бірақ сіздер де жобаларды жылдам жүзеге асыруға күш салуларыңыз керек. Браунфилдтерге сұраныс жоғары. Олар бос тұрмай, өңірге пайдалы ұсыныспен келген инвесторға берілгені жөн. Аудан, қала әкімдері бюджет түсімдерін арттыруға күш салыңыздар. Жауапты басқарма, осы салаға қатысты мекемелер инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс атқаруы қажет. Екіншіден, инвестштаб отырысына тек жұмыс орындарын ашатын, экономиканы көтеретін, салық түсіретін жобалар ұсынылсын, – деген Дархан Сатыбалды бірнеше инвестордың мәселесін тыңдап, жауапты мекеме басшыларына шұғыл қолдау көрсетуді тапсырды.
Сайрам ауданында 2023-2024 жылдары қуаттылығы сағатына 20 тонна құрама жем зауыты және қуаттылығы тәулігіне 1500 ірі қара мал етін және қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрама жем зауытын ашу бойынша қазіргі таңда жол салынып, электр желілері тартылған. Жоба құны – 2,5 млрд.теңге. Мұнда 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоба жетекшісі зауытқа электр, газ желісін тарту және қосымша жер учаскесін беру қажеттігі туындап жатқанын айтып өтті. Ал ірі қара мал қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт жобасының құны – 3,6 млрд. теңге. 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Арыс қаласында 35 мың және 10 мың басқа арналған екі бірдей мал бордақылау кешені жобасы жүзеге аспақ. Ол жобаға қажетті көмек сұралып, бақылауға алынды. Ал Келес ауданында «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС 51 гектар жер теліміне жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарын биыл тамыз айында бастауды жоспарлап отыр.
Отырар ауданында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн-электр станциясын осы жылдың 4-тоқсанында іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 22,6 млрд. теңге. 40 адам жұмыспен қамтылады.
«Түлкібас жеміс-жидектері» компаниясының Түлкібас ауданындағы жемістерді өңдеу цехының құрылысы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жоба құны – 1 млрд. теңге. Қуаттылығы – 5000 тонна. Қазіргі таңда «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қаржыландыру үшін тиісті құжаттарды толықтыру жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында балықтарға жем өндіру зауытының құрылысын бастау бойынша ізденіс бар. Инвестор жылына 2000 тонна жем өндіруді көздеп отыр. Қолдау көрсетілсе, 2024-2025 жылдары жүзеге асырылмақ. 20 адам жұмыспен қамтылады. Облыс әкімі екі жобаны да зерделеп, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.
Инвесторлар Мақтаарал ауданында «Cotton мақта-2» ЖШС мақта өңдеу зауытын кеңейту жобасы және жылына 5 мың тонна құс етін және 20 млн. дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын іске қосуға ниетті.
Сонымен қатар Арыс қаласы мен Отырар ауданының әкімдері аудан, қалаға инвестиция тарту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Өңірдегі туризм саласын дамыту бағытында да бірқатар ірі жобалар жүзеге аспақ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ 1,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.