Жалпы, шаһардағы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 32 жалғыз ілікті қарт, 112 ерекше қажеттілігі бар бала тіркелген.
Оларға қалалық «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» әлеуметтік қызмет көрсететін 31 күтуші қызмет көрсетеді.
Оның ішінде жеке басты қарттарды күтушілер – 6 болса, 25 маман ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді.
Одан бөлек, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде білім алу қызметіне жүгінеді.
Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 40 ерекше қажеттілігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 50 ерекше қажеттілігі бар балаға күндізгі бөлімшеде әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Жыл басынан бері Түркістан қаласында жұмыспен қамту шараларымен 2930 тұрғын қамтылды.
Қоғамдық жұмыс орындарына — 966 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 131 азамат , алғашқы жұмыс орындарына- 68 азамат, Күміс жас жобасына-163 азамат, жастар практикасы бойынша — 139 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына — 1443 азамат орналасты.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант — 20 тұрғынға тағайындалды.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.