БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ — МӘҢГІ ЕЛ ЖАДЫНДА — Төрттаған
Среда, 10 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ — МӘҢГІ ЕЛ ЖАДЫНДА

09.05.2023
Жаңалықтар
0
БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ — МӘҢГІ ЕЛ ЖАДЫНДА

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Қазақ халқы — батыл, ержүрек, жаудан таусалмайтын көшпенділердің ұрпағы. Атпен егіз туған ғұнның, жебемен құралайды көзге атқан сақтың, төрткүл дүниеге танылған түркінің, ер мен үзеңгіні ойлап тапқан көшпенді жұрттың жұрнағымыз.
Жерінің шетіне жау шапса, түкті жүрек ұлдары найзасы мен семсерін, батыл қыздарына дейін садағы мен қорамсабын асына аттанған бабалар ізіміз. Қай заман да болса да Отаны үшін отқа түсіп, ел үшін соғысқа аттанған батырларымыз аз емес. Осы ержүректілігімізді біз Екінші дүниежүзілік соғыста да көрсете білдік. Дивизия басқарған Бауыржан, партизан Қасым, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан, пулеметші Мәншүк, мерген Әлия, ұшқыш Хиуаз… Тізім жалғаса береді.
Ресми деректерде соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған деседі. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. Қаншама отбасының жүрегіне мәңгілікке жара салды. Ол балалық шағы соғыс жылдарынан кейінгі ауыр кезеңге тап келген біздің де бастан өтті. Қиын кезеңдерді ел болып бірге еңсердік.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Түркістан өңірінен 140 мыңнан астам адам аттанды. Бұл соғыста жанқиярлық ерлігі үшін 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталды. Мұның барлығы қазақ халқының ержүректілігің көрінісі. Осы батыр бабаларымыздың ерлігін келешек ұрпақ ешуақытта ұмытпауы керек.
Бүгінгі таңда өңірімізде 14 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Жалпы, биыл 4438 ардагерге Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн. теңге қаржы бөлінді. ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден үлестірілсе, 4400-ден астам тыл еңбеккері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылды.
Биыл Жеңістің 78 жылдығы. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев айтатынындай, соғыс ардагерлерінің саны күн емес, тіпті сағат сайын азайып келеді. Бастысы, елімізді соғыстан сақтасын, көк аспанымызда тек бейбітшіліктің туы желбіресін.
Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ,
Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ ЕСКІ КӨЛІКТЕН ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ҚҰРАСТЫРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 15 СОҒЫС АРДАГЕРІ 1,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БІР РЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
3
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.