ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 78 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 78 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

06.05.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 78 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданының халқы 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, тағзым етті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті халық қатысып, Арыс жағалауы саябағында орналасқан Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров және Т.Ибрагимовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, әруақтардың рухына құран бағыштады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Аудандық мәдениет сарайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесінің 78 жылдығына арналған «Ұлы ерлікке мың тағзым» атты салтанатты шара аясында қонақтар, алдымен, аудандық орталық кітапхананың Жеңіс мерекесіне арналған тақырыптық кітап көрмесі мен құнды музей жәдігерлерінің көрмесін тамашалады. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова секілді қазақтың батыр қыздарына арналған қойылым қойылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов жұртшылықты өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың қос мерекесімен құттықтады.
– Қан майданның қасіретін тартпаған, зұлмат күндер жанына батпаған адам жоқ. 1418 күн мен түнге ұласқан Ұлы Отан соғысына 1 млн 366 мың қазақстандық қатысты. Сол бір сұрапыл жылдарда 3000-нан астам отырарлықтар майдан даласына аттанса, оның ішінде 2466 боздақ туған жерге оралмады. Елге аман-есен оралған кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміз еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін керсете алды. Міне, майдангер бабалардың батырлығы мен жанқиярлығы Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі Қазақстанның жауынгерлері үшін өшпес өнеге», – деді аудан басшысы.
Мереке аясында аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап, ерлікке тағзым ету мен жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын айтса, ақын Бегаман Сұлтаев арнау өлеңін оқыды.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді нақышына келтіре шырқады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: РЕЙХСТАГҚА ДЕЙІН ЖЕТКЕН ҚАРТ МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.