ЕҢБЕК АДАМЫ — БАЙГОНОВА РАУШАН — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ — БАЙГОНОВА РАУШАН

22.05.2023
Жаңалықтар
0
ЕҢБЕК АДАМЫ — БАЙГОНОВА РАУШАН

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаз – келер күннің ұстасы. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Бүгін біз мақаламызда саналы ғұмырын ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ұлағатты тұлға Байгонова Раушан Байсбайқызы туралы өрбітеміз.
Байгонова Раушан Байсбайқызы 1959 жылы 1 маусымда (ОҚО) Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Подгорное елді мекенінде өмірге келген. Білімі жоғары.
1977 жылы «Коммунизм» орта мектебін бітіріп, 1979 жылға дейін «Коммунизм» колхозында еңбек етті. 1982 жылы Пахтаарал совхозтехникумын қызыл дипломмен бітіріп, 1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтінің ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетіне оқуға түсті. 1987 жылы аталған институтты бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. 1987 жылы Жамбыл облысы, Луговое ауданы, СПТУ-20-ға арнайы пәндер оқытушысы болып жұмысқа орналасты. 1990-1991 жылдары СПТУ-20 директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.1991 жылы Шымкент облысы Сайрам ауданының Оқу-өндірістік комбинатына психолог-кеңесші болып ауыстырылды. «Хатшылық ісі» курсынан сабақ берді. 2006 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің кәсіптік оқыту факультетін бітірген.
2010-2017 жылдар аралығында Оқу-өндірістік комбинат директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Р.Байгонова «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақықаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Байгонова Раушан Байсбайқызы ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып келеді. 2019 жылдан Түркістан облысы Сайрам ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
2005-2020 жылдар аралығында Сайрам ауданы №533 сайлау учаскелік комиссия төрайымы болып жұмыс атқарды. Сайлау науқандарына белсенді қатысып, заң аясында жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарғаны үшін 2011 жылы облыс әкімі А. Мырзахметовтың алғыс хатымен, 2019 жылы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өміралиевтың алғыс хатымен марапатталған.
2007 жылы Алматы қаласында «Социальное партнерство: предупреждение социальных конфликтов» тақырыбында өткізілген семинар-тренингіде қатысып, сертификат алды.
2009 жылы Астана қаласында «Қазақстан Республикасының еңбек кодексін кәсіподақтар қызметінде іс жүзінде қолдану» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған оқу курсын бітіріп, арнайы сертификатқа иеленді.
2020 жылы 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің, әкім орынбасары С.Қалқамановтың, аудан, ауыл әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен және білім беру саласына сіңірген еңбегі, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісімен, «Білім беру ісінің үздігі», «Сайрам ауданы 90 жыл» мерекелік белгісі, «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалі, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі сертификаттар, құрмет грамоталар, алғыс хаттардың иегері. Іс-тәжірибелік материалдары облыс, республика көлемінде таратылып, журнал, газеттерге жарияланған.
Отбасылы, бір қыз тәрбиелеп отыр. Өскелең ұрпақтың білімді болмағы, мектептегі ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН СОЛТҮСТІККЕ КӨШІРУГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН АШҚАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

03.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.