ҰЛЫ МАМАНДЫҚ ИЕСІ — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰЛЫ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

28.05.2023
Жаңалықтар
0
ҰЛЫ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Бүгін біз «Еңбек адамы» айдарындағы кезекті шығарылымымызда жас ұрпақты оқытуда бақытын тапқан жандардың бірі тарих-география пәндерінің мұғалімі Алтаев Бағлан Қосанұлы жайлы өрбітуді жөн көрдік.
Алтаев Бағлан Қосанұлы 1985 жылы 10 маусымда Түркістан облысы, Түркістан қаласы Құсшы-ата ауылында дүниеге келген. Туылған ауылында 11 жылдық Мұстафа Қазыбеков мектебін үздік бітіріп, өмір жолында ары қарай білімін жетілдіру үшін Қазақ-Ресей университетінде тарих-география пәні бойынша жалғастырып, 2007 жылы аталған оқу орнын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылдан бастап өзінің туған өлкесі Құсшы-ата ауылындағы №15 «Төрткүл-төбе» жалпы орта мектебінде тарих-география пәндерінің мұғалімі болып жұмысын жалғастырып келеді. Жұмыс барысында толағай табыстар мен жетістіктерге жеткен.
2015-2018 жылдар аралығында Кентау қаласынан ашылған Республика төңірегінде шығатын «Ғасыр» газетінің бас редакторы болып қосымша жұмыс атқарған.
Алтаев Бағлан Қосанұлы жұмыс барысында Кентау қалалық білім бөлімі, Кентау қаласы әкімдерінің марапатына, маслихат депутаттарының мадақтамаларына қол жеткізген.
Ол жұмыс барысында өзінің хоббиі ретінде мектеп аралық, ауыл аралық спорт турнирі волейбол, футбол, стол теннисі жарыстарының бірнеше жеңімпазы болған.
Атап айтар болсақ ұлттық құндылықтарымыздың бірі көкпар ойындарының жеңімпазы. Осы Кентау қаласының атынан 2020-2021ж, 2021-2022 жылдары Облыс көлеміндегі ат спорттарының «Тұран тұғыры» байқауының жеңімпазы.
2021-2022 оқу жылы барысында №15 «Төрткүл-төбе» жалпы орта мектебінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ат спортының дамуына білім саласымен қоса жұмыстар атқаруда.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ендеше жас та болса өз ұстаздық шеберлігімен жоғары белестерден көрініп жүрген ұстазымыз Бағлан Қосанұлына алдағы уақытта жұмыстарына шығармашылық табыстар тілей отырып, еңбегінің жемісін молынан көре берсін демекпіз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.