ЕҢБЕК АДАМЫ: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ САИТОВ ЗАКИРЖАН ЮЛДАШҰЛЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ САИТОВ ЗАКИРЖАН ЮЛДАШҰЛЫ

27.04.2023
Жаңалықтар
0
ЕҢБЕК АДАМЫ: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ САИТОВ ЗАКИРЖАН ЮЛДАШҰЛЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» — деп Мұхтар Әуезов атап айтқандай, бүгінгі еңбек адамы айдарындағы кезекті мақаламыз уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосып келе жатқан ұстаздардың бірі де, бірегейі Саитов Закиржан Юлдашұлы туралы өрбімек.
Закиржан Юлдашұлы 1963 жылғы қаңтар айының 1-і күні бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келген.
1980-1985 жылдар аралығында В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің тарих және қоғамтану пәні бойынша жоғары білім алып шыққан соң, 1985 жылы А. Яссауи атындағы жалпы орта мектебінде тарих және қоғамтану пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Аталған білім ордасында 2000 жылға дейін еңбек еткен жылдары пән бірлестік жетекшісі, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін ойдағыдай атқарып келді.
Одан соң 2000 жылдан бастап Ескі Иқан негізгі орта мектебінде еңбек жолын жалғастырып, 2006 жылдан 2012 жылға дейін осы мектептің директоры қызметін атқарды.
2012 жылдан бастап әр шәкірттің тұлға болып қалыптасуына елеулі үлес қосып Түркістан облысы Сауран ауданы №25 жалпы орта мектебі директоры қызметін бүгінгі күнге дейін абыроймен атқарып келеді.
Закиржан Юлдашұлы барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-
қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі. Мұғалім болу — ең абыройлы еңбек. Сонымен бірге бұл — өте жауапты жұмыс. Ұстаздық — қасиетті қызмет десек те артық емес. Себебі әр шәкірттің тұлға болып қалыптасуында ұстаздың орны ерекше. Осы ретте Саитов Закиржан Юлдашұлының еңбегі де елеусіз емес.
Атап айтсақ:
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай, еңбек жолындағы үздік қызметі үшін «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен;
2016 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. АЛТЫНСАРЫН» белгісімен;
2018 жылы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиевтың Құрмет грамотасымен;
2020 жылы «Атадан-мұра» қоғамдық қоры тарапынан Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік директор» төсбелгісімен;
2021 жылы жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына Сауран аудыны әкімі Ғ.Рысбековтың Алғыс хатымен;
2021 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына Сауран аудыны адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы А.Батырбекованың Алғыс хатымен;
2022 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, білім беру саласында қарапайым мұғалімнен басшылық қызметтің әртүрлі салаларында мамандығына деген сүйіспеншілігі мен кез-келген істе тәуекелге бара алуы, өзіне тапсырылған жауапкершілікті ала отырып, оны ұйымдастыра білуінің арқасында 2017-2018 оқу жылы бала жанының бағбаны болып, оқушыны шығармашылыққа үйретіп, дарындылық жолына жетелегені үшін Қазақстан Республикасы Астана қаласы бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығы директорының Мақтау қағазымен мараптталған болатын.
Бақытын еңбектен таба білген ұстаз отбасылық өмірде де бақытты: ардақты әке, адал жар. Бүгінде 30 жылдан астам еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз Закиржан Юлдашұлы адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МАМАНДЫҒЫН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕК АДАМЫ — РАЙИМОВ МАХМУДЖАН СУНАТИЛЛАЕВИЧ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.