Қарапайымдылықтың үлгісі — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарапайымдылықтың үлгісі

03.05.2023
Жаңалықтар
0
Қарапайымдылықтың үлгісі

Кешегі кеңестік дәуірде адал еңбегімен омырауына самсатып ордень-медаль таққан қарапайым жандар аз болмайтын. Мұндай еңбек адамдары әр өңірде ұшырасатын. Заманында ардақталған бұл адамдар туралы кейін көп айтыла бермейтін болды. Соңғы отыз жылда дүниеге келген жастар олардың есімдерін білмеуі де мүмкін. Көбі дүниеден өтіп те кетті. Біз әңгімелегелі отырған Қонысбай Нақыпов та адал еңбегімен көптің құрметіне бөленген жандардың бірі еді.

Отызыншы жылдардың ортасы ауғанға дейін Теріскей өңірін жайлаған бұл әулеттің сосын Қырғызстанға өтіп, араға ұзақ жыл салып елге қайта оралғанын ұлы Дайрабайдың аузынан естідік. Өмірінің арғы жағына тереңдемей, беріден қайырып, алғашында Отырар ауданының «Темір» кеңшарында мал баққанын, бұл саланың қыр-сырын жақсы білетінін, соның арқасында біраз биіктерге көтерілгенін бір әңгімесінде баласына шаттана айтып берген екен. Қонысбай ағаның балалық шағы Қаратаудың етегіндегі Абай қыстағында өткенімен, оның азамат болып қалыптасуы Арыс ауданына қарасты «Ақдала» кеңшарымен тығыз байланысты. Темір ауылынан көшіп, Арыс ауданының «Ақдала» кеңшарына қоныс тепкен ол ауыл шаруашылығы саласында бірден көзге түседі. Ол бұғанасы қатпай жатып, кәсіптік-техникалық училищеде білім алып, ауыл шаруашылығы үшін аса қажетті тракторшы мамандығын игеріп шығады. Сол уақыттарда қай жерде болмасын мал және егін шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп, бұрынғы ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, жастарды жұмысқа кеңінен тарта бастаған тұс еді ол. Мұрты енді тебіндей бастаған бозбала жігіт өз ауылы «Ақдала» кеңшарында трактор тізгінін қолына алды. Сол кездегі шаруашылық басшыларының талабы күшті, үлкенді де, кішіні де еңбекке жұмылдыра білетін еді. Сол тынымсыз ағынға Қонысбай атамыз да ілесіп кете барады. Жаз бойы шабындықта шөп шапса, қысқа қарай малды ауылдың тірлігімен құмға бет алады. Бір қолын екі ете алмай, үнемі мұрнынан шаншылып жүретін шопан ағаларының бітпей жатқан шаруасын да бітіре салады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сол жылдары қарапайым еңбек адамы ештеңеден кенде болған жоқ. Оған көрсетілген құрмет те аз болмады. Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін Қонысбай Нақыпов 1970 жылы Ленин орденімен марапатталды. Ал, Ленин ордені – Кеңестер Одағындағы ең үлкен орден болатын. Өйткені, оның бұл саладағы еңбегі ұшан-теңіз еді.

Қ.Нақыпов шөп жинау науқаны кезінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізеді. Үлкен Ұлы Дайрабайдың айтуынша, әкесі Мәскеуден келген марапатты тапсыру рәсіміне де бармаған көрінеді. «Неге бармайсың?» дегендерге «уақытымды текке кетіргенше, одан гөрі бір-екі мая шөп жинағаным жақсы ғой» депті жарықтық.

– Әкеміз біз жастау кезімізде жол апатынан қаза тапты. Содан болар, ол кісі жайлы негізінен көзкөргендерден естіп өстік. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін» демекші, марқұм Өмірәлі ағамыз жастау кезінде әкеммен бірге трактор айдаған екен. «Әкеңмен бірге еңбек еттім, артық ауыз сөзі жоқ, еңбекқор жан болатын. Жаз шығысымен ауылда шөп ору науқаны басталады. Қонысбай марқұм тек шөп престеуге шығатын. Орым басталысымен кеңшарға барып тележкасын толтыра шөп престеуге қажетті сым алып келетін. Осыдан кейін Қонысбаймен ешкімнің жұмысы болмайтын. Кеңшар басшылары да одан не істеп жүрсің деп сұрамайтын, қайта осындай жауапты жұмыстардың басы-қасында Қонысбай жүрген кезде басшылар да бұл мәселеге көп алаңдай бермейтін. Ол кісі пәркі түсіп қалмауы үшін шөпті тек түнгі немесе азанғы шықпен престейтін. Науқанның барысын білуге келген аудан, облыс басшыларына «сіздер басшылықтың, мен трактордың тілін білемін ғой» деп бастайтын әңгімесін. Мұнысы – кеңседен басқа ештеңе көрмеген қайсыбір белсенділердің өзін үйретіп, басымды қатырмасын дегені. Жетпісінші жылдары Қонысбай атамызға Ленин ордені берілетін болып, оны тапсыру үшін кеңшарға арнайы шақырады. Бірақ, ол кісі жұмыстың бастан асатынын алға тартып, марапаттау рәсіміне бармай қалады. Мәскеуден келген марапатты кейін басшылар шөп престеп жатқан жеріне әкеліп беріпті. Не деген қарапайымдылық десеңізші?! Ал, біз болсақ, сол күні орденді бір-біріміздің омырауымызға тағып, әбден тойлап едік» деп Өмірәлі ағам өткен күндерін еске алатын. Әкем бұл абырой-атаққа бірден бөлене қойған жоқ. Оған қанша маңдай тері, табан ақысы кетті. Егер ол жинаған шөптің есебін шығаратын болсақ, «Ақдаланың» аумағына сыймас еді. Бұл – оның еліне, халқына сіңірген адал еңбегі. Бір адамның жасаған байлығы. Ал, қазір осыған балама болатындай мысал бар ма? Мүмкін, бар да шығар, көп те бола қоймас, – дейді ұлы Дайрабай Қонысбайұлы.

Қонысбай атамыз 1967 жылы өзінің өмірлік серігі Мария Төребаевамен отау құрып, екеуінің шаттығы мол шаңырағында Үсен, Дайрабай, Жаңабай, Орынбай және Сәрсенкүл, Анаркүл, Жұмакүл атты ұл-қыздары дүниеге келді. Ағаның тәлімін алып өскен балалары бүгінде ел таныған іскер азаматтарға айналды. Олар да әке жолымен жақсылықтың жанашыры, көпшіліктің қамқоры болып жүр. Мария анамыз елу жылға жуық шаңырақтың отын өшірмей, жақында ғана 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ұл-қыздарынан өрбіген немере-шөберелерінің қызығын көріп, өмірден ардақты әже атанып өтті.

1973 жылы жол апатынан қайтыс болған Қонысбай Нақыповтың есімін «ақдалалықтар» нағыз еңбек адамы ретінде еске алады. Оның жақсы істерін көрген, игілікті шаруаларына куә болған замандастары асыл ағаның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпайды.

Д.Тұрсынұлы

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Бәйдібекте «Қарттарым аман сау жүрші!» атты он күндік іс-шарасы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІНДЕ — ИЛМАРА САТИБАЛДИЕВА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.