ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТІП ОТЫР — Төрттаған
Среда, 12 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТІП ОТЫР

05.05.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТІП ОТЫР

READ ALSO

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Түркістан облысына бұл бағытта бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.
Созақ ауданында жылдан-жылға мал басы саны артып келеді. Мұны мамандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекпен байланыстырады. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама аясында асыл тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруалар көбейген.
«Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың біріне жатады. Жайылым жер де жеткілікті. Осы ерекшелікті жергілікті шаруалар тиімді пайдаланып келеді. Соның бірі — «Қанжарбек» шаруа қожалығы. 2005 жылы құрылған қожалық ет өндіру бағытын қолға алған, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Қожалық төрайымы Айгүл Ашетова 2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 млн теңге несие алып, 400 бас қой сатып алған. Бүгінде 1130 бас уақ мал, 50 бас мүйізді ірі қара, 75 бас жылқысы бар.
Шаруақожалық 2000 га аса жайылымдық жерді пайдаланып отыр. Сондай-ақ, «Инвестициялық салымдар есебінен кеткен шығынның бір бөлігін өтеп беру» бағдарламасы бойынша құдық қазылып, күн сәулесінен энергия алатын қондырғылар қойылған.
Қазіргі таңда, мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы мөлшері 200 мың теңгенің төңірегінде. Кәсіпкер алдағы уақытта тағы төмен пайызбен несие алып, мал басын арттыруды көздеп отыр. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық дейді салаға жауапты маман.
– Біздің шаруа қожалықтың басым бағыты – мал басын көбейту. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жеңілдіктер болып жатыр. Субсидиялар көптеп бөлінуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында 21 мен 35 жасқа дейінгі азаматтарға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріле бастады. Менің ойымша, бұл – үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта осы бағдарламалар аясында қожалықтың иелігіндегі мал басын тағы да көбейтуді жоспарлап отырмыз, — деді шаруа қожалық мүшесі Бағлан Қанжарбекұлы.
Еске сала кетсек, жалпы ауданда 330 мыңға тарта ұсақ мал, 15 мыңнан астам түйе, 25 мыңға тарта жылқы, 40 мың бас ірі қара бар. Сала мамандары мемлекеттік қолдаудың көмегімен бұл көрсеткішті арттыра түсу негізгі міндет екенін жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 102 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ МАЙДАНГЕР АРДАҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН КӘСІБІН ДАМЫТҚАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
5
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.