ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӘСІП БАСТАУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ — Төрттаған
Вторник, 11 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӘСІП БАСТАУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ

12.05.2023
Жаңалықтар
0

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам, деп айтып өткен болатын.
Осы орайда, Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылған. Бұл орайда, жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады.
Биыл бұл бағдарлама аясында еліміз бойынша 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 млрд теңге қаржы қаралды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артқан. Тарқата айтсақ, бүгінде облыс бойынша жалпы 204 жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан. Оның ішінде Түркістан қаласы – 7, Арыс қаласы – 9, Кентау қаласы – 3, Бәйдібек ауданы – 6, Жетісай ауданы – 2, Қазығұрт ауданы – 46, Мақтаарал ауданы – 3, Отырар ауданы – 15, Ордабасы ауданы – 24, Сайрам ауданы – 15, Сарыағаш ауданы – 26, Сауран ауданы – 9, Төлеби ауданы – 14, Түлкібас ауданы – 14, Шардара ауданы бойынша — 11 үміткерден өтінім келіп түскен. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр.
Жуырда 2,5 пайыздық несиені алуға ниет білдірген талапкерлердің бизнес-жоспарымен танысу мақсатында комиссия отырысы өткізілді. Оған өңір бойынша 25 жоба ұсынылып, оның 23-і комиссия қарауынан өткен.
Ерекше атап өтерлігі, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қала, ауылдар мен елдімекендерде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арнайы насихаттық топ құрып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы жұмыстар аясында бүгінге дейін өңірдегі 38 қала, 229 ауыл, 214 ауылдық округ, 301 елдімекен, 22 кент, 32 базар және сауда орындары, 12 кәсіпкерлік орын қамтылды. Нәтижесінде орталық мамандары тарапынан облыс бойынша 18 мыңнан астам NEET санатындағы жастарға жеке тұрғын үй мекенжайлары бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіру бағытында Жастар орталығының парақшаларында 775 пост жарияланды.
Еске сала кетсек, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 жылға дейін беріледі.
Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ПАРЫЗ-2023»БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.