ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУІ ТИІС — Төрттаған
Среда, 19 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУІ ТИІС

23.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУІ ТИІС

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам, деп айтып өткен болатын
Осы орайда, Түркістан облысының жастары мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін толық пайдаланып жатқан жоқ. Оның басты себебі – ақпараттық-насихат жұмыстарының өз деңгейінде атқарылмауында болып отыр. Әсіресе ауыл жастарын кәсіпкерлікке баулу, қарапайым әрі нақты мәліметтерді жеткізу жұмысын жандандыру қажет. Бұл пікірді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев облыстық, аудандық және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» директорларының қатысуымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ ол «Серпін», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Жас кәсіпкер», «Бизнес бастау», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары, жаңа бизнес-идеялар үшін гранттар беру, жеңілдетілген шағын несие үлестіру, колледждерге бөлінген гранттардың игерілмеуі бойынша мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын арттыруда орталықтардағы жауапты мамандар белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.
– «Жастар ресурстық орталықтарының» атқаратын міндеті – ағымдағы іс-шараларды өткізумен шектелмейді. Мемлекеттің жастардың дамуы үшін іске қосып жатқан әрбір бағдарламасын өңірдің әр жас азаматына түсіндіру, талаптары мен ережелерін ұғындыру басты қағидасы болуы тиіс. Сол арқылы оларды бизнес пен еңбекке тарту, жетістікке жетелеу, жаңа идеяларды ұсынуға ынтасын ояту керек. Бұл істе алдымен өздеріңіз бағдарламалармен танысыңыздар. Одан кейін аудан, қаладағы жастарға мақсат қойып, алға ұмтылуына көмек көрсетесіздер. Түркістан өңірі грант немесе қаржы бөлу тұрғысынан республикада алдыңғы қатарда болғанымен, жобаларға қатысушы жастар толық қамтылмай отыр. Облыстағы колледжерге былтыр 11 мыңнан астам грант бөлініп, толық игерілмей, 6 мыңы қайтарылды. Биыл жобамен 15 мыңдай грант қарастырылып отыр. Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі. Бұл – бір ғана мысал. Биыл 2,5 пайыз жеңілдікпен 2,9 млрд. теңге түркістандық жастарға таратылады. Оны шамамен 600-дей жас алуы қажет болса бүгінге дейін 89 жас кеңес алуға барып, оның 57-нің ғана құжаты комиссия қарауына өткен. Мүмкіндікті пайдаланыңыздар, жұмысты күшейтіңіздер, – деген Бейсен Дәулетұлы ашық есік күнін ұйымдастыру, ауылдарды аралап түсіндіру жүргізуді тапсырды.
Кездесуде Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жұмыспен қамту және еңбек нарығын талдау бөлімінің басшысы Динара Бегалықызы сөз сөйлеп, бағдарламалардың іске асырылуы бойынша әрбір аудан, қалаға жүргізілген талдаумен таныстырды. 2023 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 1150 адамды қамту жоспарланып, нақты 491 адам қатысуда.
«Жастар практикасына» биыл 12 332 жас қамтылуы көзделсе, қазіргі таңда 1797 адам – жоба қатысушысы. Жеңілдетілген шағын несие беруді үйлестіру жұмыстары Жетісай, Мақтаарал, Келес, Созақ және Шардара аудандарында төмендеу. Ең жақсы көрсеткіш Қазығұрт ауданынан орындалып, 21 адамның өтінімі қаралуда. Ал қалған аудан, қалада жұмысты жетілдіру керек. Шағын гранттарға келсек, облыс көлемінде 255 адамға грант беріліп, оның 14,9 пайызы жастарды құраған. Басқарманың өкілі жергілікті орталықтармен жобаларды бірлесіп атқаруға шақырды.
Түркістан облысы «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ филиалының директоры Фурхат Миркаримов жастардың несие бойынша білімін арттыру қажеттігін алға тартты. Облыстық «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Нұрбол Рысбеков орталықтардың қызметкерлеріне қаржылық сауаттылықты жетілдіру тұрғысынан тәжірибе бөлісуге дайын екенін білдіріп, талқылау жиыны түйінделді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «SHARDARA ARMSPORT» КЛУБЫ 8 ҰЛ-ҚЫЗЫ БАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «СЕРПІН-2050» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
440

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.