ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ОҢДЫ ІСТЕР БАР — Төрттаған
Среда, 19 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ОҢДЫ ІСТЕР БАР

22.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ОҢДЫ ІСТЕР БАР

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты оңалту орталықтарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Нақтырақ айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде Жылы су ауылдық округінен Жетісай қаласындағы «Балдәурен» орталығының қосымша шағын орталығы, Абай ауылдық округінен Асықата кентіндегі «Үміт ұясының» қосымша шағын орталығы ашылған. Аталмыш орталықтарда ем қабылдаушы бүлдіршіндерді тасымалдауға 6 инватакси мен 7 әлеуметтік такси көліктері жұмылдырылған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Барлық орталықта балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді.
Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді.
– Тумысынан мүмкіндігі шектеліп, өзін өзгелерден төмен санайтын бүлдіршіндеріміздің қоғамда бар екені жасырын емес. Олар да өзгелердей өз қалауынша жүріп-тұрғысы келеді. Өзгелерден мейірім мен қолдау, көмек күтеді. Біздің орталықта көмекке мұқтаж бүлдіршіндерімізге білікті мамандар, дәрігерлер сапалы қызмет көрсетеді. Өйткені, біз қандай жағдай болса да бүлдіршіндерімізді мейірім мен махаббаттан қақпауымыз, олардың болашағының жарқын болуы үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек, – дейді Асықата кентіндегі «Үміт ұясы» күндіз болу орталығының директоры Гүлнара Ақылбаева.
Мүгедектігі бар балалар және психологиялық мүгедектігі бар балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Оларға жақындарының көмегі, тұрақты байланысы қажет. Сол себептен балалардың ата-анасы, туыстары аталмыш мекемелердің психолог мамандарымен тығыз байланыста болып, баланың қалыпты дамуына ықпал етуде.
Басты мақсаты – мүгедектігі бар балалардың қабілеттерінің дамуына әсер ету, шығармашылық және қарым-қатынастық қасиеттерін дамыту, балаларды әлеуметтік ортаға және өзара құрбы-құрдастарының арасына бейімделуіне ықпал ету, мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуі, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына оралту. Орталықтарда осындай игі істер атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ТҰРҒЫНЫ ИТАЛИЯНДЫҚ ӘДІСПЕН ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БИЫЛ 950-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ЕНГІЗІЛГЕН

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
441

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.