ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ — Төрттаған
Четверг, 20 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

21.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.
Осы орайда, Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінде кәсіп мен шаруашылыққа бағытталған мемлекеттік қолдауларды насихаттау мақсатында «Ашық алаң» форматында кездесу өтті, деп хабарлайды 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып беріп, мақсатына тоқталды.
– Қазір ашықтық пен қолжетімділіктің кезеңі. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына көп жағдайда күмән келтіреді. Себебі, жобалар халыққа кең көлемде түсіндірілмейді. Сол себепті облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен осындай алаң арқылы жеткізуді көздедік. Жастарға берілетін жеңілдетілген несиелер, кәсіпкерлерге арналған субсидиялар, туризм саласы бойынша берілетін гранттар туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік бар. Биыл Түркістан облысында алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады. Түрлі жобалар бойынша 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиелер беріледі. Зейнет жасына дейінгі азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» және NEET санатындағы жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны» сынды жобалар ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға 2,5 пайызбен 2,5 млрд теңге несие беріледі. Бұлардың барлығы халықтың табысын арттыру үшін қолға алынған жаңа бағдарламалар. Бүгін барлық жауапты мекеме өкілдері елге қажетті мағлұматтар беріп, бетпе-бет кездесулер өткізеді, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Ашық форматтағы кездесуде облыстық жауапты басқармалардың өкілдері мен микроқаржы ұйымдарының мамандары кәсіпкерлерге кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсетті. Атап айтқанда, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік және сауда басқармалары түсіндірме жүргізді.
– Бүгінгі ашық алаңға өз ісін алға жүргізгісі келетін немесе кәсібін үлкейткісі келетін кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, жастар келіп, өз көкейіндегі сұрақтарды қойып, жобалармен танысты. Мемлекеттік бағдарламалармен тұтынушылардың қолына жеткен жағдайда игі істер атқарылып, кәсіпкерлік саласында қозғалыс болып, дамитынына сенімдіміз, – деді «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік АҚ портфельдік активтерді басқару департаментінің директоры Үмбет Еркінжан.
Іс-шараға қатысқан азаматтар өздеріне қажетті ақпарат алғандарын айтуда.
– Мен хабарландыруды әлеуметтік желіден көріп, қатысуға шешім қабылдадым. Тігін саласы, оның ішінде қолөнер бойынша кәсібімді ашқалы отырмын. Ұлттық нақыштағы киімдер арқылы құндылықтарымызды көрсететін дүниелерді шығаруға ниеттімін. «Ашық алаңға» келе отырып, мен жеңілдетілген несие мен мемлекеттік грантқа ие болу, субсидиялау мәселесі, кәсіпті өрбіту жолдары сияқты сұрақтарға жауап алдым. Мамандардан кеңес алу барысында барлық талапқа сай екенімді анықтадым, – дейді қала тұрғыны әрі жас кәсіпкер Динара Алипова.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ЖАС КӘСІПКЕР ЖЕҢІЛ АЯҚ КИІМ ТІГУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДІКПЕН МИКРОНЕСИЕЛЕР БЕРУ ҮШІН 29 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
442

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.