ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 2 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Жетісай ауданының әкімі болып Мамытов Серік Үсенұлы тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

19.01.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Жетісай ауданының әкімі болып Мамытов Серік Үсенұлы тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өңір басшысы ауданды соңғы екі жылға жуық басқарған Мұрат Қадырбекті Түркістан облысынан Сенат депутаты болып сайлануымен құттықтап, шығарып салды. Аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне өңірдің жоғары әлеуетін тиімді пайдаланып, экономикасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ халықтың тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, мәселелерді шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
– Атқаруды қажет ететін бірқатар міндеттер бар. Атап айтқанда, жаңа өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыстарды күшейту. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша бірқатар жоспарлар бар. Басты міндет – Жетісай ауданын жайлы да көрікті мекенге айналдыру. Ауданға түсетін табыс көзін арттыру керек. Ең үлкен көрсеткіш – адами капитал, ауданның халқы өте еңбекқор. Барлық көрсеткіштер бойынша ауданды алдыңғы қатарға шығаруға мүмкіндік мол, – деді Дархан Сатыбалды.
Мамытов Серік Үсенұлы, Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары. 2013 жылы Лимкоквинг креативты технологиялар университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» Акционерлік қоғамының Кәсіпкерлікті дамыту орталығы бөлімінің маманынан бастаған.
2015 – 2018 жылдары аралығында «КазФинСтаф» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің консультанты, «Астана ЭКСПО-2017» «ҰК» Акционерлік қоғамының жиынтық-талдау департаментінің менеджері, Ұйымдастыру-бақылау департаментінің менеджері, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» Акционерлік қоғамының фронт-офисінің талдаушысы қызметтерін атқарды.
2018-2019 жылдары аралығында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы департаментінің бас менеджері болған.
2019-2020 жылдары «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамының Өнеркәсіптік жобалар тобы департаментінің директоры, Басқарушы директоры лауазымдарында болды.
2020-2021 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің «Qolday» кәсіпкерлікті қолдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары болған.
2021 жылдың қыркүйек- желтоқсан айлары аралығында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық директоры – қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі қызметін атқарған.
2022 жылғы қаңтар — мамыр айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрінің көмекшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты болды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ШАҒЫН ЦЕХ АШҚАН ШЕБЕРЛЕР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.