САУРАН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Сауран ауданының әкімі болып Үсенбаев Ғалымжан Қарабайұлы тағайындалды.

26.12.2022
Жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫНА ЖАҢА  ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Сауран ауданының әкімі болып Үсенбаев Ғалымжан Қарабайұлы тағайындалды.
Жаңадан құрылған Сауран ауданын 2021 жылдан бері басқарған Рысбеков Ғани Құрмашұлы басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан босатылды.
Облыс әкімі аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырма жүктеді.
– Қазір нәтижені сөзбен емес, нақты іспен көрсету керек. Ең бірінші кезекте қоғамды дамытуға кері әсерін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс. Егер осы мәселеден кемшілік жіберсе, қандай мықты әкім болса да, жұмыстан кетеді. Елге қызмет ететін, бірігетін, өзгеретін кез келді. Қызметте жүрген бәрімізді «ұрпаққа не қалдырамыз?» деген сұрақ мазалауы қажет. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға толық мүмкіндік бар. Келесі жылы ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі. Білім саласы бойынша да Сауранда жаңа мектептер салынады. Сондықтан жаңа әкімге жауапкершілікпен жұмыс істеуді тапсырамын. Бағыттарды білесіз, нақты ұсыныстарды, елге пайдалы бастамаларды қолдауға дайынбыз. Елдің қамын ойлап, алғысын алыңыз. Бәріміз де қызметте уақытшамыз. Қасиетті өңірлерді дамытуға мүмкіндік бергеннен кейін елге адал қызмет етейік, – деді Дархан Сатыбалды.
Үсенбаев Ғалымжан Қарабайұлы 1972 жылғы 11 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, Оңтүстік Қазақстан ашық университетін бітірген. Мамандықтары: жеңіл өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары, қаржы.
1998 бен 2001 жылдары аралығында ОҚО индустрия, көлік және сауда департаментінде жетекші маман болып қызмет атқарған.
2001-2002 жылдары ОҚО индустрия департаментінің жинақтау-талдау бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маман болды. 2002-2005 жылдар арасында ОҚО индустрия энергетка және коммуналдық шаруашылық депертаментінің ауыр өнеркәсіп және құрылыс индустриясы бөлімінде, ОҚО индустрия және сауда департаментінің сауда бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.
2005-2007 жылдары Шымкент қаласы ішкі және сыртқы сауда даму, кәсіпкерлік және инновациялық қызмет және ұйымдастыру бөлімдерінде басшы болды.
2007-2020 жылдары аралығында ОҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
2020 жылдан бері Кентау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ 76,5 ПАЙЫЗЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.