ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА — Төрттаған
Вторник, 18 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімдігінде мәжіліс өтті. Жиында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар сөз болды. Межелер айқындалып, жоспарлар бекітілді. Дархан Сатыбалды өңірді дамыту бағытында барлық салада жұмысты күшейтуді тапсырды.

19.12.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімдігінде мәжіліс өтті. Жиында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар сөз болды. Межелер айқындалып, жоспарлар бекітілді. Дархан Сатыбалды өңірді дамыту бағытында барлық салада жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Қазіргі таңда ең өзекті мәселе – жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту. Облыстың республикалық бюджетке тәуелділігін төмендету, кіріс көздерін арттыру. Ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында жұмыстарды жүйелеу керек. Әрбір басқарма басшысы, аудан, қала әкімдері осы бойынша жұмыс жүргізулері тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбектің, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзахметовтың, Инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Шонбасовтың баяндамалары тыңдалды.
Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн. теңгеге 9596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд. теңгеге 1197 жұмыс орнын құрумен 25 инвестцииялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жалпы құны 26,6 млрд. теңгеге 1116 жұмыс орнын ашумен 21 инвестициялық жоба іске қосылды. Түркістан облысының инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша 2023 жылға арналған 48 шарадан тұратын кешенді жоспар әзірленген.
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша да тың жобалар қолға алынады. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен қолжетімді несиелендіру шарттары ауыл тұрғындарының табысын арттырып, әл-ауқатын көтеруге жаңа серпін береді. Жоба шеңберінде алғашқы кезеңге
17 ауылдық округтен 3,3 мың қосалқы шаруашылық қатысады,
3725 жаңа жұмыс орындары құрылады. Отбасылық сүт фермалары мен бордақылау алаңдарын құру, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу саласын дамытуға басымдық беріледі. 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып, 500-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылады.
Осы және өзге де мәселелер талқыланған жиында Кентаудағы №5 ЖЭО жөндеу, жылу сапасын арттыру мәселесі де айтылды.
Облыс әкімі басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытындағы жобаларды ширатып, шынайы жанашырлықпен жұмыс істеуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.