Қоршаған ортаны жақ­сартуға жұмыстар жүргізілуде — Төрттаған
Пятница, 29 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қоршаған ортаны жақ­сартуға жұмыстар жүргізілуде

08.12.2022
Жаңалықтар
0

Табиғи газ жүйесі қоршаған ортаны жақ­сартуға ғана емес, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Адамдар көмірқышқыл газымен уланған жағдайлар болды. Осы мәселелердің барлығы шешімін табады.

Түркістандықтардың еңірегенде етегі толып, күрсінгенде күн күркірететін мәселелерінің бірі болған табиғи газбен қамтылу ісі жүйеленіп, жоспарлы жүзгеге асты. Қалың елдің басым көпшілігі отын жағып, түтін будақтатудан арылып, көгілдір отырн игілігін көре бастады.

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Соңғы деректерге қарағанда, жалпы тұрғын үйлер бойынша 91 пайызы табиғи газға қосылып отыр. Бізде мәселе туғызып отырған бос алқаптарғаорнатылғантабиғи газ қондырғылары. Қаланың жалпы жобасы 52 мың абонентке арналып сызылған. Алайда, газды жүргізу барысында Тұран, Бекзат, Яссы мөлтек аудандарында және қаланың шеткі жаңа тұрғын алқаптарында қазіргі таңда әлі үй салынбаған бос алқаптаркөп болып тұр. Жоспар бойынша осы жерлердің барлығына табиғи газ қондырғысы жеткізілген. Шкафтар орнатылған. Бос игерілмеген жерлер, үйінің құжаттарын заңдастырмаған немесе үйінің ішкі жылу жүйесі жоқ үйлер ғана қамту пайызына енбей отырғанын мәлімдейді жауапты мамандар.

Қалатабиғи газ бойынша магистральдық желісімен үйлерге жеткізу нүктелерімен толықтай қамтылған. Алайда, әрбір үйге абоненттер өздерінің қаржысы есебінен кіргізіп алады. Оны арнайы лицензиясы бар мекемелер жүргізеді. Осы ретте алданып қалмау үшін тұрғындар газ компаниясымен келісім-шартқа тұрған кезде қырағылық танытуы аса маңызды. Себебі, қала аумағында табиғи газды құжаттандыруда алаяқтарға алдану деректері ұшырасып, біршама қиындықтар туындатқан. Қала аумағында газдандыру жұмысы жүргізілген кезде, көрші аудандардан, қалалардан келіп жұмыс жасаған мекемелер болған. Оның ішінде ниеті түзулері де, теріс пиғылмен жүргендері де кездескен. Әкімдік тұрғындардың қаржысын жинап әлі күнге дейін міндетін орындамай келе жатқан компаниялардың барын жеткізді. Әрине, олардың үстінен шағым рәсімделіп,  құқық қорғау орындары мен тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолданған. Тұрғындар арасында «Әкімдік неге бақыламайды?»,- деген реніштер туындап жатады. Бұл нарықтық қатынас болғандықтан әкімдік тарапынан табиғи газды үйдің алдына шкафқа дейін апару жүзеге асырылады. Ішкі жүйелерін нарықтағы кез-келген компания жүргізуге құқылы. Осы орайда егер көрсетілгендей қиын жағдайға ұшыраған азаматтар болса, қолдарындағы келісім-шартты мұқият оқып, сондағы міндеттемелердің қатаң орындалуын жеке компаниялардан талап етуге құқылы екенін атап өткеніміз жөн.

Табиғи газ жүргізу барысында бос жерлерге жүргізілген газ қондырғылары мен шкафтарындағы есептегіш құралдарының ұрлануы және оның орталық базарда сату оқиғалары да кездесті. Мұндай жағдай 2021 жылы белең алғанын әлі қалалықтар ұмыта қойған жоқ. Тіпті,бір жыл газ тұтынып, өзінің есептегіш құралын көршісімен алмастырып қойған да жағдайлар кездескен.  Мұндай ұрлықпен бірнеше дерек тіркеліп, полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру барысында ұсталғандары бар. Биыл ұрлық сиреген. Бұл мәселені полиция басқармасының басшысы тікелей өз бақылауына алып, қадағалауды күшейтіп отыр.  Қазіргі таңда кейбір тұрғындар қоныстанбаған бос алқаптардағы құрал жабдықтар жиналып, жылу мекемесінің базасына сақтау үшін жолданған. Әрине, айдалада иесіз тұрған есептегіш құрал мен жабдықтарды алып кетуге кез-келген адамның ойы бұзылады. Иесі табылған алқаптың иелеріне жабдықтар шетінен қайта табысталып жатыр.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ”АЯСЫНДА 2000 АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.