БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА КҮШ САЛЫНАДЫ — Төрттаған
Понедельник, 22 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА КҮШ САЛЫНАДЫ

Адами әлеуетті дамыту басқармасының сұранысымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан Басқармаға сыртқы талдау жүргізілген. Талдаудың басты мақсаты – анықталған сыбайластық жемқорлық тәуекелдерін жою.

09.12.2022
Жаңалықтар, Қоғам
0
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА КҮШ САЛЫНАДЫ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

Адами әлеуетті дамыту басқармасының сұранысымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан Басқармаға сыртқы талдау жүргізілген. Талдаудың басты мақсаты – анықталған сыбайластық жемқорлық тәуекелдерін жою. Жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен сыбайластық тәуекелдерін жою үшін 24 ұсыным берілді. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы және Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында талқыланды.
Облыстағы білім саласында күрделенген мәселердің көп екендігін алға тартқан облыс басшысы жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен заң талаптарына сәйкес нақты жұмыстар істеуді тапсырды. Қордаланған мәселелерді шешу үшін кезең-кезеңге бөлінген іс-шаралар жоспарын бекітуді жүктеді. Білім саласындағы заңсыздықтың көзін жою үшін адами факторды барынша азайтып, орталықтандыру және цифрландыру жүйелеріне күш салуды міндеттеді.
Сыртқы талдау нәтижесі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіп, білім беру қызметіне мониторинг жүргізудің қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ қызмет көрсету процесін автоматтандырып, білім беру ұйымы басшыларының құқықтық сауаттылығын арттырып, білім беру ұйымдарындағы кітап қорына түгендеу жүргізудің қажеттігін айқындап берді.
Түркістан облысы бойынша төрт жылдан бері jumys.snation.kz порталы арқылы конкурстық негізде қабылданады. Аталған жүйе ең басты жалған дипломдарға тосқауыл қоюды қамтамасыз етеді. Жалған дипломдарды анықтау бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін электронды «Е-ПОРТФОЛИО» порталы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өтті.
Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша сыртқы талдау нәтижесінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының ротацияларын орын ауыстыру кестесін ескере отырып аяқтау жөнінде ұсыным берілген. Түркістан облысы бойынша 381 мектептің басшысына қызметін атқарғанына 7 жыл толған. 156-і бір елді мекенде орналасқан және олар ротациялау комиссиясына ұсынылады. Қалған 225 білім беру ұйымы бір елді мекенде орналаспаған, сондықтан ротациялауға жатпайды.
– Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 267 мемлекеттік мекеменің 141 меңгерушісіне лауазымдық міндетті атқарғанына 7 жыл немесе одан жоғары. Оның ішінде бір елді мекенде орналасқан 67 мекеменің меңгерушісі ротациялау комиссиясына ұсынылады. Түркістан облысында жалпы 223 мекеме басшысы, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары басшылары ротациялауға жатады. Талдау барысында анықталған сыбайластық тәуекелдерін жою арқылы облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына алып келеді деп санаймын. Осы ретте, жемқорлық фактілеріне әкелетін тәуекелдеріне талдау жұмысы тұрақты жалғасын тауып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жандандырылатын болады,– деді басқарма басшысы.
Өңірде Е-КІТАПХАНА электронды жүйесін енгізу арқылы барлық білім беру мекемелерінің кітапхана қорына инвентаризация жүргізіп, нәтижесінде 2017-2022 жыл аралығындағы жарамсыз және тозығы жеткен 3 млн-ға жуық оқулық жалпы кітапхана қоры есебінен шығарылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта мектеп кітапханашыларымен оқыту сабақтары, лекциялар өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТ «ЖАН ШУАҚ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 39 ПАЙЫЗЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
12
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

12.06.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

«Нацфонд – детям»: около 58 млн долларов США использовали казахстанцы на жильё и образование

12.06.2026
10

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.