Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы бұл конкурстың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтіп, 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есе өскенін және қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтағанын айтты.

08.12.2022
Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы бұл конкурстың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтіп, 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есе өскенін және қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтағанын айтты.
– Бүгінде осы салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке – жиырма миллиард долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 триллион теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент алдағы жеті жылда кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін барлық кедергіні жоюға күш салынатынын айтып, бизнесті өркендету үшін нақты шаралар қабылдана беретініне тоқталды.
– Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері. Басынан бастап реттеу институтын енгізуге бір жыл қалды. Үкімет бизнестің дамуына кедергі келтіретін артық талаптарды анықтау жөнінде ауқымды жұмыс жүргізді. Экономиканың түрлі саласында жаңа реттеу саясатына сай келмейтін 6,5 мыңнан астам талап анықталды. Енді Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді жедел енгізуі керек. 2024 жылдың басынан бастап жаңа тәсілдерге іс жүзінде көшуіміз қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бизнесті негізсіз және шектен тыс бақылауға, қылмыстық қудалауға жол беруге болмайды. Кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға, қылмыстық процеске заңсыз тартуды болдырмауға бағытталған кешенді шаралар қазірден бастап қолға алынып жатыр.
– Биыл 6 мыңнан астам кәсіпкер жалпы құны шамамен 700 миллион теңге болатын заңсыз айыппұлдан босатылды. Заңсыз салынған 1200 тыйым салу және шектеу шараларының күші жойылды. Кәсіпкерлерге қатысты заңсыз іс-әрекеті үшін мыңнан аса лауазымды тұлға жауапқа тартылғанын атап өткен жөн. Әрбір алтыншы іс қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмауына байланысты тоқтатылды. Биылдан бастап азаматтық тәртіп негізінде шағымданудың барлық мүмкіндігі пайдаланбайынша, қылмыстық іс қозғауға тыйым салынды. Сонымен қатар өткен жылдардың оң нәтижесіне сүйене отырып, ұсақ және шағын бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторийді тағы бір жылға созу жөнінде шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа қол қойылды, – деді Мемлекет басшысы.
Президент елімізде шынайы индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру ісі дәйекті түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, «Өнеркәсіптік саясат туралы» арнайы заң қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл құжат жоғары және орташа өңдеу деңгейіндегі өнім өндірушілерге кең көлемде қолдау шараларын ұсынады. Алайда заңның кейбір нормаларының қолданысы әлі күнге дейін «кібіртіктеп тұр».
– Қазақстандық өндірушілер отандық шикізаттың қолжетімді емес екеніне жиі шағымданады. Ірі тау-кен, металлургия кәсіпорындары өңделген өнім шығарғаннан гөрі ресурсты сыртқа тасығанды қолайлы көреді. Қазақстандық өңдеу өнеркәсібіне шикізат қолжетімділігі төмен. Бұл кабель өнімдері, аккумулятор, алюминий бұйымдар мен басқа да жоғары өңдеу деңгейіндегі тауарларға қатысты. Үкімет әрбір арыз-шағымды қарастырып, қажетті жүйелі шараларды қабылдағаны жөн. Қайталап айтамын, уақытша емес, жүйелі шаралар керек, – деді Мемлекет басшысы.
Президент агробизнес экономикалық дамудың тағы бір қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, оның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік инфляциясы үшін стратегиялық маңызы бар сала екеніне тоқталды. Сондай-ақ күзгі жиын-терін науқанын сәтті аяқтаған шаруаларға ризашылығын білдірді.
– Фермерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету міндетті түрде жалғасын табады. Осы жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу үшін берілетін қаржының көлемі 40 миллиард теңгеге көбейді. Соның арқасында диқандарымыз бір мыңнан астам қосымша техника алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ егін егу және оны жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі екі есе артты. Ал диқандарға жеңілдікпен берілетін жанар-жағармай өнімдерінің көлемі 820 мың тоннаға дейін өсті. 2023 жылдан бастап көкөніс өнімдерін шығару үшін фермерлерге алдын ала, яғни форвардтық несие беру бағдарламасы іске қосылады. Осы мақсатқа шамамен 100 миллиард теңге қаржы бөлінеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының әл-ауқатын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басымдықтың бірі екенін жеткізді. Сондықтан келесі жылдың алғашқы тоқсанында Ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданады.
Сонымен қатар Президент келесі жылдан бастап «Парыз» байқауының жеңімпаздарын анықтау кезінде қосымша талаптар болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – мемлекетіміз бен бизнестің азаматтарымыз алдындағы ортақ борышы.
Жиын соңында Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз атанды.
«Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Ақмола облысының «Шуйское-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ал ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Атырау облысының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорнына табысталды.
Сонымен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасалған «Үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Шымкент қаласының әкімдігі, «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шаһардағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.