ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ» — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Еркін пікір алмасып, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ордабасы ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, жоспарларға тоқталды.

07.12.2022
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ»

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Еркін пікір алмасып, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ордабасы ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, жоспарларға тоқталды.
– Аудан, қала тұрғындарымен биылғы кездесуім Ордабасы ауданында түйінделіп отыр. Мегаполиске жақын орналасқан әрі транзиттік әлеуеті жоғары Ордабасы ауданының болашағы жарқын болады деп сенемін. Оған барлық алғышарттар бар. Әсіресе кәсіпкерлік пен индустриалды аймақтарды дамытуға мүмкіндігі мол. Ордабасы ауданының инфрақұрылымы жақсара түседі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 18 елді мекенде 22 жоба іске асырылуда. Қызылжар, Көлтоған, Төреарық, Ықылас Темір және Дербес елді мекендерінде 5 фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралды Құрылысы 2023 жылы аяқталады. 14 елді мекендегі 47,2 шақырым болатын 20 көшеге қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, – деген Дархан Сатыбалды алдымен ең өзекті мәселелер – газ, ауыз су, электр тарту және жол салуға басымдық берілетінін жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық-мәдени кешеннің құрылысын аяқтау, Шұбар ауылының ішкі көшелерін реттеу, каналдарды жөндеу, ауыз су жүйесін реттеу, медициналық мекеме ашу және өзге де мәселелер көтерілді. Жеке кездесуде де әлеуметтік және жеке түйткілдер тарқатылды. Бірыңғай қабылдауда өңірдегі құқық қорғау органдары мен департамент басшылары да тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Облыс әкімі әрбір арыз-шағым, өтініш бойынша жұмыс жүретінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Ордабасы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Инженерлік-инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 47 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Темірлан кентіндегі 70,0 га аумақта инженерлік-коммуникациялық желілер салу құрылысы жүргізіліп жатыр. Бадам ауыл округіндегі индустриалды аймағына және басқа да өндірістік обьектілерге инфрақұрылым салу құрылысы қолға алынған. Халықтың табысын арттыру мақсатында
«Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 2022 жылы Ордабасы ауданы бойынша 2 жарым мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Қазіргі таңда 2400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты аясында аудан бойынша 10 айдың қорытындысымен 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай 611 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 1345 жұмыс орны ашылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ АУЫР АТЛЕТТЕРІ ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ ТҮЙІНДЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.