Еңбекші ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхозка — 2 дана ,Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 3 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5004 куб инертті материал бар.
Тазалық жұмыстарына 315 м3 инертті зат себілді. Аудан әкімдігі мен жауапты мердігер мекемелер қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары жалғасуда және жағдай толық бақылауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі