ТҮРКІСТАНДА МҰЗ САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРДІ — Төрттаған
Пятница, 27 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰЗ САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының дамуында аса маңызды бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

05.12.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МҰЗ САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРДІ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының дамуында аса маңызды бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Солардың бірі – қысқы спорт түрлеріне арналған ғимарат. Мұз сарайының жалпы жер аумағы 2 гектарға жуық. Ғимарат құрылысының көлемі – 4160,9 шаршы метр. Нысанның құрылысы келер жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған. Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлері дамытылып, үйірмелер ашылады. Жақын уақытта мұз айдынына керекті құрал-жабдықтар сатып алынады.
Өңір басшысы Түркістанды абаттандыру жұмыстары мен бірқатар құрылыс нысандарының жай-күйін бағдарлау үшін шаһарды кезекті рет аралап шығып, мәдени-тарихи орталықтағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді.
Биыл Түркістан қаласында жалпы көлемі 200 мың шаршы метрден асатын 3392 пәтерлі 53 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйімен танысты. 5,7,9,12 және 20 қабатты 60 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Пәтерлердің жалпы ауданы 35 мың шаршы метрге жуық.
– Салынып жатқан үйлердің сапасы талапқа сай болуы тиіс. Халықтың талабы мен сұранысына жауап беруі керек. Бұл – өте маңызды. Құрылыс материалдарының сапасына мән беріңіздер. Үйлердің айналасын абаттандыру да аса маңызды. Балаларға арналған алаңдардың сапасы мен қауіпсіздігі – басты назарда. Сейсмикалық төзімділігі қатаң қадағалауда болуы міндетті. «Мұз сарайы» да өз уақытында салынып, елге қызмет көрсетуі қажет. Өңірде спортты дамытуға да қолайлы жағдай жасалады, – деді Дархан Сатыбалды.
Жыл басынан бері жаңадан салынған 42 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Яғни, несиемен және кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 11 көпқабатты тұрғын үй құрылысы толық аяқталады. Сол арқылы тағы 725 пәтер пайдалануға беріледі.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «NURORDA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ВИЦЕ-МИНИСТРЛЕР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
451

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.