ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 10 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықтың әлеуметтік осал топтарына және жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Бұл бағытта көршілес елмен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүріп жатыр.

02.12.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықтың әлеуметтік осал топтарына және жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Бұл бағытта көршілес елмен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүріп жатыр. Осы тапсырмаға сәйкес, Шардара ауданында пилоттық жоба ретінде әлеуметтік осал топтағы, аз қамтамасыз етiлген отбасыларды, көпбалалы отбасыларды, 29 жасқа дейiнгi жастарды және 55-тен асқан зейнет жасына дейінгі адамдарды кәсіби оқытып, жұмыспен қамту мақсатында Алатау батыр ауылдық окрiгiнен «Шебер» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 50 адамды жұмыспен қамтитын тігін цехын ашты.
Өндіріс орнының ашылу салтанатына арнайы барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбай цехтың жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ өндіріс басшылығына алғыс хат тапсырды. «Шебер» тігін цехының басшысы Омар Әсенұлы өз қолдауын білдірген аудан басшысына алғысын айтып, өндіріс орнына 200-ден астам адамды жұмысқа тартуға ниетті екенін атап өтті.
Алдағы уақытта цехты кеңейтіп, құрылысын салуға 200 млн. теңге және цехті құрал жабдықтарын қамтамасыз етуге 150 млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сондай-ақ 2023 жылы тігін цехының негiзiнде тігін кластерін ұйымдастыру көзделіп отыр. Оған қоса «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық шағын несиемен және 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды беру арқылы 190 адамды жұмыспен қамту межеленген.
Бұдан бөлек Жаушықұм ауылдық округінен құс өсіру бағытында аз қамтамасыз етiлген отбасыларды, көпбалалы отбасыларды, 29 жасқа дейінгі жастарды және елу бес жастан асқан зейнет жасына дейiнгi 55 адамды кәсіби оқытып, жұмыспен қамту жоспарланған.
– Өндіріс орны аяқкиім, киім-кешек және тапсырысқа сәйкес кез келген тауарды тігумен айналысады. Қазақстан бойынша көптеген облыстарды арнайы әскери киім-кешекпен қамтып отырмыз. Бізге Түркия елінен тәжірибелі мамандар келіп, тәжірибе алмасуда. Қазір жұмыспен қамтылып жатқан жаңа тігіншілерді оқытып, тәжірибелі маманға айналуына да ықпал жасаудамыз. Алдағы уақытта Шардара ауданының бірнеше жерінен цех ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді Омар Әсенұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ГҮЛДЕНУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: БҮГІННЕН БАСТАП ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ХҚО-ДАН АЛУҒА БОЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
4
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
4
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
4
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
4
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.