ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЗДІКСІЗ ЖАРЫҚ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЕКІ АПАТТЫ БРИГАДА ТӘУЛІК БОЙЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ШЫҒАДЫ — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЗДІКСІЗ ЖАРЫҚ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЕКІ АПАТТЫ БРИГАДА ТӘУЛІК БОЙЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ШЫҒАДЫ

11.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЗДІКСІЗ ЖАРЫҚ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЕКІ АПАТТЫ БРИГАДА ТӘУЛІК БОЙЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ШЫҒАДЫ

Түркістан қаласы 2018 жылдың маусымында облыс орталығы болды. Сол уақытқа дейін қалада электр қуатын тұтынатын 37 мың абонент болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 42000 абонентке артқан.

Бұл туралы «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Түркістан қаласы бойынша бөлімшесінің басшысы Ғани Қойшиев Ontustik  телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтты.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Соңғы төрт жыл ішінде Түркістан қаласы қанатын кеңге жайды. Жаңа мөлтекаудандар пайда болды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығы, Мәдени-рухани орталықтар бой көтерді. Көпқабатты тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді. Бой көтерген, іске қосылған нысандардың барлығын жарықпен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі қуаты 110/10 киловольт жабық қосалқы станциясы салынды. Әрқайсысының қуаттылығы 40 мың киловольт Амперды құрайтын екі трансформатор орнатылды. Соның негізінде Жаңа қала (Әкімшілік іскерлік орталығы) ток көзімен қамтылды.

Одан өзге Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы жаңа ғимараттарды электр қуатымен қамту үшін «Бекзат» мөлтекауданында орналасқан «Коммуналды» қосалқы станциясынан арнайы желі арқылы жарық тартылды. Сонымен қатар  «Яссы» қосалқы станциясынан жерасты кабель арқылы желі тартылды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан І және ІІ  мөлтекауданда тозығы жеткен электр құрылғыларының бәрі жаңартылды. Атап айтқанда, заманауи трансформаторлар орнатылып, жерасты кабельдері толығымен ауыстырылды. Мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің пәтеріне дейінгі электр желілерінің барлығы дерлік жаңасына ауыстырылды. Нәтижесінде мөлтекаудандағы тұрғындар үздіксіз сапалы қуат көзіне қол жеткізді.

Түркістан қаласы бойынша 17 көшедегі әуе желілерінің бәрін жерасты кабельіне ауыстыру жоспары қойылған. Бүгінде осы жоспар бойынша 11 көше атап айтқанда, Б. Саттарханов, Тәуке хан, С. Ерубаев, Тынышқұлов, Ататүрік,Төле би, Абылай хан және т.б көшелерінің бойындағы әуе желілері жерасты кабельдік желісіне ауыстырылуда.

Одан басқа Асанбай мешітінің айналасы, ескі теміржол өткелінен бастап («Бекзат» мөлтекауданына баратын), Ә. Жангелдин, Б. Майлин көшелерін қамти отырып Түркістан-Қызылорда айналма жолына дейінгі аралықтағы  тозығы жеткен бағаналардың бәрі заманауи темір-бетон бағаналарына ауыстырылып, СИП кабельдері тартылды.  Және де Қызылорда тасжолының бойына етек жайған жаңа «Баянауыл» мөлтекауданына да заманауи темір-бетон бағаналары қойылып, СИП кабельдері тартылды. Қаладағы «Бекзат» мөлтекауданына да толығымен заманауи желілер тартылып, бағандар ауыстырылды. Бұл жұмыстардың бәрі Түркістан қаласы әкімдігімен бірлесе атқарылды.

Кентау тасжолының бойындағы «Оралман», «Тұран» елді мекендерін сапалы жарықпен қамту үшін  заманауи бағандар қойылды. Қазіргі таңда электр желілері СИП кабельдерге ауыстырылып жатыр. Қаладағы Шәуілдір тасжолы (Түркістан облысындағы Отырар ауданына шығатын жол) бойындағы елді мекендердің барлығына заманауи бағандар орнатылып, желілер тартылған.

Қала электр қуатын Екібастұз ГРЭС-інен, Жамбыл ГРЭС-інен, Шардара ГЭС-інен алады. Сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларындағы ГРЭС-терден жарық алу туралы келісім шарт жасалған. Егер күтпеген жерден, түрлі табиғи және техногенді апат салдарынан еліміздегі электр стансалары электр беруді уақытша тоқтатса,  келісім-шартқа сәйкес, Түркістан қуат көзін Қырғызстан мен Өзбекстаннан алады. Мақсат айқын – қала тұрғындарын үздіксіз сапалы жарықпен қамтамасыз ету.

2018 жылға дейін қаланың күнделікті тұтынатын электр қуаты 25 мегават болса, облыс орталығы болғаннан  бастап жүктеме артты. Бүгінде Түркістан қаласы 60 мегават электр энергиясын тұтынады.

Өз кезегінде «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің Түркістан қаласындағы бөлімшесінде екі жедел бригадасы жұмыс істейді. Апатты шақыруларға шығатын бригада тиісті техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Олар тәулік бойы ауысым бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан қаласы бөлімшесінің басты бағыттарының бірі 2027 жылға дейін қала бойынша тозығы жеткен бағандар мен ескірген желілердің барлығын жаңғырту болып табылады. Стратегиялық жоспардың аясында ескірген трансформаторларды да жаңасына түгел ауыстыру  міндеті тұр.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 46 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: І ЖӘНЕ ІІ МӨЛТЕКАУДАНДАҒЫ ЕСКІ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРДІҢ БӘРІ ЖАҢАСЫНА АУЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.