ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ

15.09.2022
Жаңалықтар
0
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ

Түркістан облысының құрылғанына 3 жылдан асты. Жұртшылық, әсіресе, Түркістан қаласын абаттандыру және жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстарға дән риза. Облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық орталыққа ғана емес, жасыл желегі жайқалған, экологиясы жақсарған шаһарға айналып келеді. Көгалдандыру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер гүлдейтін шөптерді өсіруге мән берілген. Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкен жапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды.

Түркістан қаласының «Жасыл белдеуінде» жеміс ағаштары да өсірілуде. Бұл жұмыстарға агрономдар, мамандар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары атсалысуда. Осы ретте қаланы 32 секторға бөліп, аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларды жауапты етіп, жұмысты жүйелеу өз жемісін беру үстінде. Облыс әкімі әр секторды аралап, қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Барлық секторда жұмыс қарқыны жоғары. Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Аяқжолдар мен веложолдар, субұрқақтар елге қызмет етуде.

Қала аумағындағы жасыл аумақтарға су жүйесі жүргізіліп, тұрақты түрде суарылып жатыр. Жасыл желектерді күнделікті суару үшін қала аумағына гидранттық жүйе жүргізілген. Бүгінде 32 секторда үш кезеңмен жұмыс жүргізіліп, 1600 га жерге 60 мыңнан астам көшет егілген. Қалада сенбіліктер өткізу, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар дәстүрге айналған. Сектор жұмысына жауапты азаматтың бірі Отырар ауданы Талапты ауыл округі әкімі аппаратының қызметкері Дәурен Партаев Түркістанды түлетуге үлес қосып жүргеніне қуанышты.

«Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасы бойынша, Отырар ауданы әкімдігі жауапты сектордағы Құлыншақ ақын көшесінің тазалық, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен айналасып жатырмыз. Керемет өзгерістерді көрдік. Қаланың болашағы жарқын», – дейді отаншыл азамат.

«Жасыл белдеуге» тағы да барып, бақылаудан өткізген облыс басшысы егілген көшеттердің уақтылы суғарылуына аса мән берілуі керектігін, сонда ғана іс нәтиже беретінін айтты. Ұрпақ үшін пайдалы бұл бастама үздіксіз жүзеге асырыла беретінін жеткізіп, азаматтарға жұмысты жанашырлықпен, сергектікпен атқаруды тапсырды.

Шаһардағы жағымды өзгерістерді Түркістан қаласының тұрғыны Әшім Алдабергенов жоғары бағалайды.

«Бұрынғыға қарағанда бұл жерде көп өзгеріс болып жатыр. Көгалдандыру, тазалық, абаттандыру жұмыстары өте жақсы. Облыс болғалы осындай жақсылықтарға куә болудамыз. Бұрын бұл «Жасыл белдеу» мен жаңа шағынауданның орны дала-тұғын. Даланы көркейтіп, жағдай жасап жатқан үкіметке рахмет», – дейді тұрғын.

Түркістанның тумасы, қала париоты Баян Бұлдырықова «Қазір туристер де көп келіп жатыр. Оның бәрі адамды қуантады. Мемлекет басшылығына, әкімшілікке ризашылығымды білдіремін. Қазір қалада мәдениет жоғарылап келеді. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары арқылы Түркістанның экологиясы жақсара түсетініне сенімдімін», – дейді.

Айта кетейік, биыл ҚР Үкіметі Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 1,3 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Бұл қолдау мен жоспарлар Түркістанды Орта Азиядағы ең көрікті шаһарлардың біріне айналдыруға серпін беретіні сөзсіз.

Әсіресе, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Жан жадыратар жаңалықтар мен көз қуантатын өзгерістерді ел қазірдің өзінде сезіп-біліп отыр. Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАҒЫ БІР ЖАҢА ШЕБЕРХАНА АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БИЫЛ ТӨРТ МЕКТЕПТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.