ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ — Төрттаған
Четверг, 22 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Биылғы 10 айда Бәйдібек ауданында 47,9 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Сондай-ақ, аймаққа есепті кезеңде жалпы 18,1 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін 10 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.

29.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Биылғы 10 айда Бәйдібек ауданында 47,9 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Сондай-ақ, аймаққа есепті кезеңде жалпы 18,1 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін 10 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.
— Биылғы жылдың 10 айында аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32,1 млрд. теңгеге жетті. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 633 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты, — деді аудан әкімі.
Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектарды құрайды. Жайылым жерлердің нысаналы мақсатында пайдаланылуын зерделеу барысында 199 жер телімі анықталып, хабарлама таратылған. Бұл жерлердің тізімі Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің құзіретіне сәйкес мемлекетке қайтару үшін жолданған.
Облыс тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, биыл ауданда ортақ жайылым жерлерді кеңейту мақсатында 95 408,57 гектар жайылым жер иелерімен 176 меморандум түзіліп, жоспар артығымен орындалған. Ал, мемлекет меншігіне қайтару жоспары 59,3 мың гектарды құрап, бүгінгі таңда 61 мың гектарға толығымен жүзеге асқан.
Сондай-ақ, мал басын көбейту бойынша ауданда оң өсім бар. Нақтырақ айтқанда ірі қара мал – 65,6 мың бас. Оның ішінде қой — 553,6 мың бас, ешкі – 56,6 мың бас, жылқы – 26,6 мың бас, түйе – 245, құс – 120 мың басқа жетіп отыр.
Инфрақұрылым бойынша Бәйдібек ауданында 17 елдімекен табиғи газбен қамтылған. Олар — Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ елдімекендері.
Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары аралығында 5 ауылды (Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас) табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
— Аудандағы 51 елдімекеннің 43-і орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елдімекендердің ішкі көшелерінің ұзындығы 918,1 шақырымды құрайды. 2021-2022 жылдары аралығында ұзындығы 36 шақырымдық облыстық маңызы бар «Бірлік-Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Жолғабас-Кеңес» автомобиль жолына, 15,1 шақырымдық «Шаян-Жамбыл» және 22 шақырымды құрайтын «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32» облыстық автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді», — деді Ержігіт Шәріпбекұлы.
Айта кетсек, биыл аудан аумағында орналасқан 6 елдімекендегі 10 нысанда абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, Бәйдібек ата елдімекеніндегі орталық саябақтың құрылысына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі. Шаян ауылындағы 1 қабатты 20 үйдің және орталық стадион құрылыстарының жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «БИЗНЕС БАСТАУ»-МЕН КӘСІП БАСТАҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.