Түркістан жасыл желекке орануда — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан жасыл желекке орануда

08.10.2022
Жаңалықтар
0
Түркістан жасыл желекке орануда

Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Биыл қаланың 12,2 гектар аумағына 15 мыңнан аса ағаш  егіліп,  9000 шаршы метр аумаққа көгал төселді. 200 мың түп гүл отырғызылды. 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қазіргі таңда облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақ пен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймағы бар. Оның ішінде 380 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді.Жоспарда тұрған және қала тұрғындары мен мекемелер тарапынан түскен өтініштер бойынша 11 245 дана ағаштысанитарлық және авариялық кесу жұмыстары атқарылды. Одан бөлек 45 саябақ, сквер, алляларда кіші сәулет мүсіндері мен орындықтар, жарықшамдар орнатылды. Және аяқжолдар мен балалар ойын алаңдарын бояу, жөндеу, алыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қураған, жерсінбей қураған ағаштардың орнына 9 200 дана ағаш  көшеттері егілді.Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15  036 дана ағаш көшетті емен  9000 ш.м аумақта көгал егілді. Ш.Тілеу, Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Майкотов көшелеріне барлығы 11 900 дана қылқан жапырақтары ағаштар демеушілер есебінен егілді.Жыл басынан бастап ағымдағы тазалық және көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, жалпы қалалық сенбіліктер өткізілуде. Қала аумағында гүлдерге арналған аумақтарда жалпы 200 мың түп отырғызылды. Оның 110 мыңы көпжылдық және 90 мыңы бір жылдық гүлдер.

Айта кетейік, Түркістан қаласы географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқан. Қаланың микро климатын өзгерту үшін, қала көлемін толықтай суландыру үшін қала ішінен гидрантты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару шаралары 6 кезеңге бөлініп атқарылуда. Айталық, Ботаникалық бақтың 611 гектары, 62 шақырымыгидрантты жүйеге қосылған.Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 гектар, 110 шақырым да гидрантты жүйеге қосылған.Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 гектар, 25 шақырымдыгидрантты жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде.Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 гектар, 40 шақырым гидрантты жүйеге қосылған.

Бұйыртса, келер жылы Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы мен Тұран аумағын гидрантты жүйемен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар,  КДЦ  аумағына және Гүлдер саябағымен Сейхун көшесінің аралығына гидрантты жүйені жүргізудің жобасы дайын.

Бүгінгі таңда қалада 22,5 шақырым ирригациялық арықшалар жүргізілді. 2020-2021 жылдар жүргізілген арықтар Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын ирригациялық арықтар қаланың орталығын Шаугар мөлтек ауданы арқылы  Отырар ауданы бағытына дейін қамтамасыз етеді. Қала ішінде қажет жерлерге толығымен су беру көзделеген. Соңында қалған сулар егістік алқаптарына құйылады. Жалпы ирригациялық каналдар секундына 500 л су алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда секундына 100 литр су алынуда.

Қала ішінде абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Қазіргі таңда  9 нысанда, атап айтар болсақ, «Денсаулық» саябағында, «Төле би» саябағында, «Шығармашылық» саябақтарында, сонымен қатар, Майкотов көшесінің бойындағы бойындағы Шәуілдір тас жолынан Түркістан арена стадионы аумағының аралығында, «Тұран» тыным бағында, 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің ауласында, Батыс Қытай Батыс Европа жолында, Кентау тас жолының бойында тиісті шаралар атқарылуда. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, демалу және кешкі серуендеу үшін, аула ішілік ойын алаңдары мен жеке демалыс орындары іске қосылған. Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынды. Қаланың сәулеттік көркін келтіру үшін әрбір көп қабатты үйлер сыртына түнгі шамдар қойылды.

Реті келгенде қаладағы түнгі жарықтандыруға да тоқтала кетейікші. 2020 жылы Түркістан қаласында 269 көшеге жарықтандырылған болса, 2021 жылы Түркістан қаласында 147,8 шақырымды құрайтын 124 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелердің үлесі 46,5 пайызды құрады. Биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы 123,1 шақырымды құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелердің үлесі 57,4 пайызға ға жетті. Яғни, 485 көше, 618,6 шақырым жол жарықтандырылды.

Бұйыртса, келер жылы қалада жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесін 82 пайызға жеткізу жоспарланған. Яғни, алдағы уақытта 895,8 шақырымды құрайтын 757 көше жарықтандырылатын болады.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ КІТАП ОҚУ НАСИХАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.