Түркістан шаһары облыс орталығы ретінде түрленіп, жаңа бағытта дамудың сара жолын көрсетіп келеді. Күн сайын адам танымастай өзгерген, түлеген қалада тақарылып жатқан жұмыстар легі жетерлік.
Мұнда жасалынып жатқан әрбір істің, әрбір харекеттің барлығы көзге анық көрінеді. Көрінеді де барша жұрт сөзден гөрі нақты істердің жүзеге асып жатқанына қабағат қуанады. Сөзіміз дәледі болуы үшін 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі хақында азды-кем айта кеткеніміз оң болмақ.
Шаһарды абаттандыру қарқынды жүргізлуде
2022 жылға қала көлемінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, Жоспар бойынша Теле мұнара аумағында Тұран саябағы мен Қызылорда тас жолы аумағына гидрантты жүйемен су жүргізу, Қазыбек би көшесі мен Жарылқапов көшесі аралығын гидрантты жүйе жүргізу, Тұран саябағын абаттандыру, Төле би саябағын абаттандыру, Майкотов көшесі бойына (Шәуілдір тас жолынан Түркістан арена стадионы аумағының аралығы) желілік саябақ салу Денсаулық саябақ тары іске қосылған.
Қосымша І-ІІ мөлтек аудан, Отырар мөлтек ауданы ішін абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Қазіргі уақытта, жалпы жұмыстың 90 пайызы орындалды. Саябақтар 30 жерге 225 га, сквер мен алеялар 15 жерге 13,6 га жерге орнатылды.
Сонымен қатар қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына 10 жерге балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынды .
Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген.
Жалпы ирригациялық каналдардың ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Р-33 каналы Қазыбек би саябағынан Б.Саттарханов даңғылы аралығы 3,4 шақырым болса, Р-33,2 Керуен Сарай,Инфекциялық аурухана аралығы 2 кезең 6,1 шақырымды құраған. Өз кезегінде ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін 4 шақырымды құраса, Р-32,2 каналы Шекті Тілеу Жібек жолы көшесінің бойы 3,7 шақырым, Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал 1,1 шақырым, Р-32 Батыс Қытай Батыс Европа автожолы бойы 3,1 шақырым. Р-32А Қалалық Емхана аумағы 1,1 шақырымға жеткен.
Б.Саттарханов даңғылы бойы (Желілік Саябақ), иирригациялық арықшалар, қазіргі таңда су қабылдауда. Қала ішіндегі көгалдарға және басқа да қажетті аумақтарға су апару үшін қажеттілігіне қарай Жасыл Түркістан мекемесі қызмет атқаруда.
Түркістан қаласын көгалданыдырудың басты мақсаты: қатаң климаттын өзгерту мен қаланың эстетикалық көрінісін жақсартып, экологиялық жағдайын жақсарту болып табылады. Жалпы қала ішінде 2022 жылға 6 нысан гидрантты және ирригациялық арықтар жұмыстары жүргізілуде. Қала көлемін жасыл желекке айналдыру үшін 6 кезеңге бөлінген қазіргі таңда 1 кезең 611 га , 2 кезең 622 га жерге гидарнтты суландыру жүйесі жұмыс жасап тұр. Қалған кезеңдерге суландыру жүйелері жүргізілуде.
Сондай-ақ КДЦ аумағына және Гүлдер саябағымен Сейхун көшесінің аралығына гидарынтты жүйе жүргізу үшін эскиздік сызбалары дайын. Жоба құны 1 611 млн теңгені құрайды.
Қаланы көгалдандыру жұмыстары 2019 жылдан бастап үлкен қарқынмен жүріп келеді. Қазіргі уақытта жалпы қала аумағында ағаш көлемі 695 247 дана, көгал аумағы 2 560 000 ш.м, бұталар көлемі 311 856 дана, гүлдер аумағы 70 000 ш.м. болып отыр. Осының өзі шаһарды абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізідліп жатқанын көрсетеді.
келесі маңызды мәселелер қатарында 2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 130 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.
Шаһардың санитарлық тазалығы басты назарда
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктері жүргізуде.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-да жалпы 311 қызметкер
(17 әкімшілік қызметкер, 8 бригадир, 286 жұмысшы),46 арнайы техника, «ШымкентСпецкомплекс» ЖШС-да 250 қызметкер (12 әкімшілік қызметкер, 3 бригадир, 235 жұмысшы), 35 арнайысанитарлық жұмыстармен айналысатын техникалар жұмыс атқарады.
Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын, 875 көше бар. Оның ішінде, 787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалған көшелер қаланың ең шеткі аумақтарында орналасқан. Үйлер толық салынбаған.
787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қаған 651 көшесі қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп отырылады. 787 көшенің 39 көшесі орталық маңызы бар көше болып саналады.
Түркістан қаласы санитарлық тазалығының сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың наурыз айында «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС тарапынан Шауғар мөлтек ауданының 152 көшені тазалау жұмыстарына «Марзия» ЖК-мен және Яссы мөлтек аудандағы 144 көшені тазалау жұмыстарына «Бағлан» ЖК-мен келісім-шарт түзілді.
Сонымен қатар «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС тарапынан Бекзат м/а 30 көше, Сауран м/а 54 көшені, Отырар м/а 40 көшені, Бірлік м/а 100 көшені тазалау жұмыстарына жеке кәсіпкермен келісім-шарт түзіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-мен «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-сы, көшелерді тазалау жұмыстарын «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ тарапынан бекітілген кестеге сәйкес 1 кезектегі көшелерді күнделікті, 2-ші кезектегі көшелерді аптасына 2-3 рет, ал шеткі көшелерді жеке кәсіпкерлер тарапынан аптасына 1 рет тазалануда.
Қала халқын электр энергиясымен қамту 99,9%-ды құрап отыр
Түркістан қаласында 39937 абонент электр қуатын тұтынады. Оның 33 937 абонент(қала тұрғындарының 85%-ы) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Түркістан қаласында электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін бір мекеме бар. Ол «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і.
Қала аумағында 1286 трансформатор мен 1 415,4 шқ жуық желісі бар. Оның: — коммуналдық меншікте – 102,5шқ. электр желісі мен 159 трансформатор. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і меншігінде – 1132,9шқ. электр желісі мен 372 трансформатор бар.
Қала халқын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,9%-ды құрап отыр. Есепті мерзімде қала аумағының Сауран, Иассы, Шавгар, Бекзат, Отырар мөлтек ауданының сапалы электр қуатымен қамтылмаған және жаңадан қоныстанған аумақтарын заманауи талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда «Иассы, Шавгар м/а және ХҚТУ тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету құрылысы» (2021 жылға бөлінген қаржы 200,0 млн. теңге, жоба құны 425,1 млн теңге, 43,6 шақырым, 1242 отбасы, 15 трансформатор орнатылады және Нарбаев, Н.Төреқұлов, Сырғақ батыр, Қалдыбай хан, Жиембет батыр, Исламов, Диметов, Жұлдыз, Өркениет, Жас қазақ, Атамекен, Ынтымақ және № 3,4 қиылыс көшелерін қамтиды). Жоба 70 пайызға орындалды. «Жангельдин көшесі аумағын электрмен қамтамасыз ету құрылысы» (жоба құны 381,7 млн теңге, 31,7 шақырым, 1332 отбасы, 11 трансформатор орнатылады және Желтоқсан, Дүйсенбаева, Ер Төстік, Жангельдин, Асылбеков, Марайым, Жандосов және №236, 237, 238, 239 көшелерін қамтиды). Қазіргі таңда, трансформаторларды орнатып, жеке тұрғын үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласы Диметов көшесі тұрғын ауданын электрмен жабдықтау құрылысы» (2022 жылға бөлінген қаржы 89,00 млн теңге, жоба құны 89,00 млн теңге). Құрылыс 50 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, қала аумағының орталық көшелерінде кабель желілерін салу бойынша 4 жоба құрылсы жүргізілуде. Олардың қатарында «Түркістан қаласының Байбурт, С.Қожанов көшелерінде 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы» (2021 жылға бөлінген қаржы 341,5 млн теңге, жоба құны 572,4 млн теңге). Құрылыс 80 пайызға орындалды.
«Түркістан облысы, Түркістан қаласының Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесінің бойында, 1-2 мөлтек аудандарында, ОТП-3-те 10-0,4кВ кабель желілерін салу құрылысы» нысан бойынша 10 кВ -8,406 шқ. 0,4 кВ — 15,731 шқ.; (2022 жылға бөлінген қаржы 800 000 млн теңге, жоба құны 1 560 863 млн теңге). Құрылыс 80 пайызға орындалды. Қазіргі таңда қазылған орындарды қайта қалпына келтіру (асфальт, брусчатка, көму,т.б) жұмыстары жүргізілуде.
Жылу маусымына сақадай сай
2022-2023 жылдардың жылу беру маусымы кезінде Түркістан қаласындағы 10 жылу қазандықтары арқылы, 1-2 мөлтек ауданы және Әкімшілік іскерлік аумағындағы тұрғын үйлер, тарихи мәдени орталықтағы мекемелерді және «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеміз. Жылу энергиясын Түркістан қаласы бойынша жалпы 6 516 абонент тұтынады.
Тұтастай алып айтқанда қала бойынша 10 қазандық бар болып, 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге 22,3 шқ. магистарльді желі болса, 71,6 шқ. ішкі орамдық жылу желілері бар. Жылу желілерін шаю жұмыстары жүргізілген, жылу маусымына толық дайын.
Қала аумағында орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ететін «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.Жалпы штаты 124 адам, орташа жалақысы -72 700 тенге.
2021 жылдың 22 қазанында Түркістан қаласы бойынша жылу беру маусымы басталып, 2022 жылы 31 наурызда тоқтатылған болатын. Жылу беру маусымы 160 күнді құрады.
2021-2022 жылдарға жылу тарифі – 93,24 теңгені құрады, (табиғи газдың тарифі 1 м3 газ – жеке тұлға 28,25 , заңды тұлға – 35,76 теңге). Жылу беру маусымында кәсіпорын шығысы 405 218,6 мың теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 225,0 млн.теңге бөлініп пайдаланған табиғи газға төлем жасалды.
Биылғы жылу беру маусымында жылу қазандықтары толығымен табиғи газды пайдаланатын болады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған.
Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Бағалары бойынша тұрғындарға 92,46 тенге/м2, бюджеттік мекемелерге — 6 856,33 тенге/Гкал, заңды тұлғаларға 4442,23 тенге/Гкал болып бекітілген. Армен қарай нақтылай кетер болсақ шаһардағы жалпы 93 бюджеттік мекемелер, 59 мектеппен балабақшалар бар. Енді осының барлығы 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына толықтай дайын. Соның ішінде қалада 34 мектеп болса, орталықтандырылған жылу жүйесімен 4 мектеп қамтылған, 29 мектеп табиғи газға қосылған,1 мектеп апатты деп танылған.
Ал, 20 балабақшаның, 2 балабақшасы орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 16 балабақша табиғи газға қосылған, 2 балабақшаны табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. 2 университеттің, 1 орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 1 табиғи газға қосылған;
6 Колледждің біреуі орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, бесеуі табиғи газға қосылған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 14 мекеме бар. Олардың арасында нақты 8 мекеме табиғи газбен қамтылған. 2 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонмен бірге төрт мекеме көмірмен жылынады. Газға өту жұмыстары толық аяқталған. Газды қосу жұмыстары жүргізілуде.
Мәдениет, спорт саласындағы нысандар18 болып табылады. олардың ішінде 12 мекеме табиғи газбен, 2 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 1 мекеме электр энергиясымен, 4 мекеме көмірмен жылынады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру (Әлеуметтік) саласындағы 2 нысан бар. Оның ішінде 1 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бір нысан («Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» МКК) табиғи газға өту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент болса, соның 38 646 яғни 95,2%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген (жеке тұрғын үйлер 39 937 абонент, газбен қамтылған 38 060, 95,3%). Газдың тарифі жекеменшік тұлғаға 1 м3 – 32,6 теңге,заңды тұлғаға 1м3 – 36,97 теңге
Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындармен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда (қазіргі бағасы отынбазасында 1 тонна көмір — 14 800 теңгені құрап отыр). Бүгіні таңға қаладағы көмір базаларына 40 000 тонна көмір тасымалдаған.
Ауыз су мен сарқынды су мәселесі өзекті
Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңға Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 м3/сағ және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 м3/сағ мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлина көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде.
Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы сметалық құны 5 084,5 млн.тг.
Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қаланың таза сумен қамтамасыз ету 98,5%-ы құрап отыр. «Жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны 789,4 млн.тг, 2022 жылға қаралған қаржы 80 млн.тг. Қажетті қаржы 709,4 млн.тг.
Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.
Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонет пайдалануда.
Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде 3 нысан (Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салу) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда, 20,7 млрд. теңгені құрайтын 6 нысанның (Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке 4 нысан (Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезең. ) қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның (Ортақ-3 және Баянауыл аумағы) ЖСҚ рәсімделуде.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етіледі.