Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде — Төрттаған
Понедельник, 17 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

14.09.2022
Жаңалықтар
0
Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Түркістан облысының құрылғанына 4 жылдан асты. Жұртшылық, әсіресе, Түркістан қаласын абаттандыру және жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстарға дән риза. Облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық орталыққа ғана емес, жасыл желегі жайқалған, экологиясы жақсарған шаһарға айналып келеді. Көгалдандыру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер гүлдейтін шөптерді өсіруге мән берілген. Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкенжапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды.

Облыс орталығы Түркістан қаласын гүлдендіру, жасыл желекке айналдыру, оны күтіп-баптау міндетін бірнеше мекеме өз мойындарына алған. Сондай мекемелердің бірі – «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мұнда 200-ге жуық жұмысшы шаһардың жасыл желегін күтіп-баптау үшін тер төгеді.

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қалалы жерде тұратын әрбіріміз арнайы киім киген көше сыпырушыларды, бағбандарды көріп қалып жатамыз. Жайлы, таза ортаны қалыптастыруда еңбегі орасан осындай азаматтардың жұмысы көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Біз бүгін әңгіме еткелі отырған кейіпкеріміз Марат Сұлтанбеков біраз жылдан бері Түркістан қаласының жасыл желегін күтіп-баптауда еселі еңбектің үлгісін танытып келеді.

– «Жасыл Түркістан» мекемесіне жұмысқа кіргеніме 2 жылдан асты. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи мешітінің аумағында бағбанмын. Осы айналадағы талдарға, гүлдерге, жасыл желекке күтім жасаймыз. Сонымен қатар осы маңдағы тазалық жұмыстары да бізге жүктелген. Қазіргі таңда кесенеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қолымыз босаған уақытта Алланың разылығы үшін ол жұмыстарға да араласамыз, – дейді Марат аға.

Оның айтуынша, жұмыстың ең қиын кезеңі шілденің аптап ыстығы мен көктемнің басына тура келеді екен. Себебі, шілдеде күн қатты ысып, шымды күйдіріп жібереді. Ал, ол уақытта шымды суаруға болмайды екен. Қатты ысып тұрған шымды суарса, ол бірден сарғайып кетеді. Сосын қыстан шыққан өсімдікті суарудың да өзіндік тәртібі бар көрінеді.

– Күзгі уақытта ағаштарға көбірек су береміз. Себебі, қар түскенде берген суымыз ағаш тамырына мұз боп қатып, қыс бойы ылғалданып тұрады. Бұл талдардың қыстан аман шығуына сеп болады. Қазіргі таңда қураған талдарды кесіп, түптерін қопсытып жатырмыз. Қысқа дайындық қазірден басталып кетті, – дейді бағбан.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы мешіттің айналасында алма ағаштары көптеп өсірілуде. Одан бөлек сәндік талдар да бар. Марат Сұлтанбековтен бөлек тағы 5 адам осы аумақтағы көгалдандыру жұмыстарына жауапты.

Жалпы, «Жасыл Түркістан» мекемесінде қала аумағына жауапты 6 бригада жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында 5-10 жұмысшыдан бар. Әр бригада өзіне міндеттелген аумақтағы көгалдандыру, тазалық ісіне жауап береді.

– Соңғы уақыттары қаламызда көркіне көз тоймайтын зәулім ғимараттар бой көтерді. Осыған қарап түркістандықтар арасында қала мәдениеті де қалыптасып келе жатыр. Десек те, көпшілік орындарда тазалық сақтауды білмейтін азаматтар әлі де аз емес. Әрине, бұл жерде біріншіден нәпақа табу, отбасын асырау мақсатында жұмыс істеп жүрміз. Алайда, таң азаннан қара кешке дейінгі төккен тердің, еңбектің бағаланғанын қалаймыз. Қаланы таза ұстау жалғыз біздің міндетіміз емес қой. Осыны түсінбейтіндер де бар, – дейді Марат Сұлтанбеков.

Түркістан қаласының «Жасыл белдеуінде» жеміс ағаштары да өсірілуде. Бұл жұмыстарға агрономдар, мамандар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары атсалысуда. Осы ретте қаланы 32 секторға бөліп, аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларды жауапты етіп, жұмысты жүйелеу өз жемісін беру үстінде. Қала әкімі әр секторды аралап, қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Барлық секторда жұмыс қарқыны жоғары. Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен.

Ең бастысы, Түркістанға келетін туристер қатары артты. Әсем қала қонақтарға жайлы да қызықты демалыс сыйлауда.

Расында да қаланы, қоршаған ортаны таза ұстау жалғыз «Жасыл Түркістанның» немесе осы тектес тазалық мекемелерінің міндеті емес. Сол ортада өмір сүріп жатқан әрбір тұрғынның айнымас борышы болуы керек. Сонда тазалық мәдениеті деген тақырыпқа қайта оралмайтын да шығармыз?!

Е.АЙНАБЕКОВ.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМ: АҚСУКЕНТ АУМАҒЫНДА «AQSU» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АРЫС-ТҮРКІСТАН» КАНАЛЫНЫҢ СУЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КӨЗДЕЛУДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.