ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЭТНОТУРИЗМ ДАМЫП КЕЛЕДІ — Төрттаған
Среда, 14 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЭТНОТУРИЗМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 10 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт айтты.

28.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЭТНОТУРИЗМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

READ ALSO

ИТОГИ ГОДА И ПРИОРИТЕТЫ: ЗАКОН, ПОРЯДОК И ЦИФРОВОЕ РАЗВИТИЕ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР: ЗАҢ, ТӘРТІП ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 10 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт айтты.
– Түлкібас ауданының ішкі өнімі 80 млрд 244 млн 700 мың теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі — 11 млрд 357 млн 200 мың теңге. Аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 314 млн 900 мың теңгеге жетіп отыр. Бұл көрсеткішпен облыста ауданымыз алғашқы орыннан көрінді. Көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 12 млрд 550 млн 300 мың теңгеге жетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 7 жоба, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» мен «Екінші деңгейлі банк» бірлескен жобасы әзірленіп, 31 жоба қаржыландырылды, — деді Нұрлан Мархабатұлы.
Одан бөлек, ауылшаруашылық өнімінің көлемі 52 млрд 664 млн 700 мың теңге болды. Бұл ретте жоспарланған 22,8 мың га масақты дәнді-дақыл орылып, 48,6 мың тонна астық жиналды.
Табиғаты шұрайлы ауданда этнотуризмді дамытуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда ауданда 32 туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында 3 қонақүй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік база бар.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба іске асырылған. Мәселен, биыл «Түлкібас саясы» емдік-сауықтыру оңалту кешені ашылды. Мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, ғимарат салған кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтиды. Бел омыртқа ауруларын емдейтін жаңа орталық жылына 1500-ден астам адамды қабылдайды. Сондай-ақ «Таң Нұры» ЖШС емдеу сауықтыру кешені бой көтерді. Бүгінгі таңда лагерді қайта құрылымдау жұмыстары 90% пайызға орындалған. Бұдан бөлек, «Etno Park Resort» этноауыл туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда туристердің талғамына сай ұлттық нақыштағы 5 киіз үй, соңғы үлгідегі бірнеше қонақүй бар. Бұдан бөлек, «Tulkibas-Fishing & Resort» ЖШС қонақүй және фарель балығын өсіру жобасын айтуға болады. Сыйымдылығы 100 орындық демалыс аймағының құрылыс жұмыстары 85%-ға орындалған. Ол биылғы желтоқсан айына толық іске қосылмақ.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 150 орындық «Тұрсынбеков», 300 орындық «Майлыкент» мектебінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Аманкелді» және 100 орындық «Абайыл» мектептері, ал Састөбе кентінде 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ғимараты пайдалануға берілген. Демеушілер есебінен Ұрбұлақ, Ынтымақ, Керейіт елдімекендерінде футбол алаңшалары және Шұқырбұлақ ауылында ашық спорт алаңшасы салынған. Сондай-ақ, Азаттық ауылында жабық спорт алаңшасы, Көктерек елдімекенінде спорт зал құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 60 азаматты 3 мамандық бойынша оқуға жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 162 азамат, жастар практикасына 319 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 35 азамат жолданды. Мемлекеттік грант бойынша жоспардағы 183 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1066 жұмыссыз адам тартылды. Ал мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша, ауданда 635 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, қазіргі таңда 848 жаңа жұмыс орны ашылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН ҮЙ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ИТОГИ ГОДА И ПРИОРИТЕТЫ: ЗАКОН, ПОРЯДОК И ЦИФРОВОЕ РАЗВИТИЕ
Жаңалықтар

ИТОГИ ГОДА И ПРИОРИТЕТЫ: ЗАКОН, ПОРЯДОК И ЦИФРОВОЕ РАЗВИТИЕ

25.12.2025
5
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР: ЗАҢ, ТӘРТІП ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ
Жаңалықтар

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР: ЗАҢ, ТӘРТІП ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ

25.12.2025
5
Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
7
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
7
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
10
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
235
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
194
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
190

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.