Шымкент қаласының Қаратау аудан аумағын қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алдымен әлеуметтік нысандар айтап айтқанда, тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан аршылды. Одан соң орталық көшелер мен әлеуметтік нысан орналасқан көшелердің аяқжолдары тазарды.
Бұл іске 21 қар тазалағыш техника, 12 қар тасығыш техника, 1 ассенизатор, 6 трактор және 300 жұмысшы жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, тайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға мұзды ерітетін арнайы материалдар қолданылды, мөлшері шамамен 250 куб құрайды.
Ауданда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, қарлы ауа райына байланысты аудан әкімдігінің салаға жауапты бөлімдерінде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі