ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ — Төрттаған
Понедельник, 14 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

10.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады.
– Бүгін өздеріңізбен қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Облыстың тәртіп сақшыларының автопаркі жаңаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағыта Түркістан облысында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында Полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Елде тыныштықты сақтауда, Түркістанды түлетуде сіздердің де қосар үлестеріңіз мол. Сондықтан халыққа одан да сапалы қызмет көрсетулеріңіз үшін Сіздерге су жаңа көліктер тапсырылуда. Жұмыстарыңызға абырой мен сәттілік тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды.
Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиімді шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.
Облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер министрінің тапсырмалары мен нұсқауларының сапалы орындаларына сенім білдіремін. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады», деп іс-шараны түйіндеді. Салтанатты рәсім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауымен аяқталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 94 МЫҢНАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ СКРИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БІЗ ҮШІН ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ»

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.