ТҮЛКІБАС: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Понедельник, 9 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

08.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Төтенше жағдайды алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Осы орайда бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан аумағындағы төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы М.Жанесен жүргізді.
Комиссия мүшелері мен ауылдық округ, кент әкімдері қатысқан алқалы жиында алдағы қыс мезгіліне дайындық мәселесі басты назарда болды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімі» бастығы, аудандық «Тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысы мен «КазТрансГаз Аймақ», «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемелерінің аудандық филиал басшылары жалпы қыс мезгіліндегі орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық бойынша баяндамаларын жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап қатты.
Баяндамашылар өз баяндамаларында жауапты мекемелердің техникалық базалары мен республикалық, облыстық және аудандық жолдардың қыс мезгіліне дайындығына кеңінен тоқталып өтті. Соның ішінде, су шаю қауіпі бар Арыс өзенінің бойындағы Арыс, Рысқұлов, Машат және Тастұмсық ауылдық округтеріндегі аймақтарды күшейту меселесі жан-жақты талқыланды.
Аталған мәселенің алдын алу бойынша тиісті құжаттар дайындалып қойған Рысқұлов және Машат ауылдық округтеріндегі қауіпті учаскелерді күшейтуге қаржы қарастыруға бюджеттік комиссияға ұсыныс берілген. Қаржы бөлінгеннен соң аталған аймақты тазалау, өзен арнасын күшейту жұмыстары іске аспақ.
Сондай-ақ бас қосу барысында аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімі» басшысы Б.Әзімбаев жауапты мекемелер төтенше жағдайларға тәулігіне 24 сағат дайын болуын ескеріп, бекітілген алгоритімге сәйкес іс-қимылды тез арада орындау қажеттігін атап өтті.
Отырысты қорытындылаған Марат Сүгірәліұлы газдан улану мәселесін алдын алу бойынша жауапты мекемелерге біршама тапсырмалар жүктеп, жылыту маусымы кезінде қайғылы жағдайдың орын алуына бірден-бір себепкер болатын иран пештерін қолданатын үй егелеріне тағыда ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп шығуды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СОЗАҚ: «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
328
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
277
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
207

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.