Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде әжелер алқасы мен Адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Аттап басқан алтын босағам» атты келіндер байқауы болып өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты – шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды отбасыны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету.
Отбасының беріктігін арттыруда, ұрпақ тәрбиесінде ата-әженің, сыйластықтың алатын орнының зор екенін көрсету де негізге алынды. Сайысқа қатысушы алты үміткер төрт кезең бойынша өз өнерлерін көрсетіп, қазақ келініне тән сыпайылықты бойға сіңірген әрі ақыл-парасатты екендерін аңғартты. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар мен мақтау қағаздары табысталды. Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі