САЙРАМ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ 9 АЙДА ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 10 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙРАМ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ 9 АЙДА ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ

02.11.2022
Жаңалықтар
0
САЙРАМ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ 9 АЙДА ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде негізгі индикаторлардың 9 айда орындалуы кеңінен қаралды.
Аталған мәселе бойынша бөлім басшысы Е.Серікбаевтің баяндауынша, ауданды дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестицияның жыл қорытындысымен жоспар 34,5 млрд. теңге жоспарланып отыр.
Ауданның негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 31,6 млрд. теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өсім 246,8% немесе 18,8 млрд. теңгеге артып отыр.
Сала бойынша өнім көлемінің жоспары 43500,0 млн. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемінің жоспары 36963,7 млн. теңге. Ауданда 68 бірлік өнеркәсіптік кәсіпорындармен 43,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өнім көлемі 142,6%-ға көбейген.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері бойынша 16609 бірлік болса, 17344 бірлік тіркелді. Белсенді жұмыс істейтіндер саны 15893 бірліктен 16867-ге жетті. Оның ішінде заңды тұлғалар — 1182, жеке кәсіпкерлер — 7818, шаруа қожалықтары — 7867.
Мұнан бөлек, туризм бағытында Ақсу, Арыс, Көлкент, Құтарыс, және Қарасу ауылдық округтерінде спорт кешендері іске қосылды.
Ауыл шаруашылығын дамытуға тартылған инвестиция есепті мерзімде ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6329,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 619,8 млн.теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 186,6% құрады.
Ауыл шаруашылығындағы нақты көлем индексі бойынша өнім көлемі 93,4 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 44,7 млрд. теңге, мал шаруашылығының өнім көлемі 48,7 млрд. теңгені құраған.
Бұдан бөлек, 10,405 га жылыжай іске қосылып, аудандағы жалпы жылыжай көлемі 63,365 га құрады. Оның ішінде «Зәуре» шаруа қожалығының «6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасы іске қосылды. Одан басқа, фермерлік шаруашылықтар есебінен 4,405 га жер телімінде жылыжайлар іске қосылды. Жылыжайлардың жалпы саны — 170 бірлік. Биыл 1 айналымында 1145 тонна қызанақ, 2224 тонна қияр және 54 тонна қырыққабат жиналды.
Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы саласында 6 инвестициялық жобалар іске қосылған.
Есепті мерзімде ауданда 115 ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылған.
Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобарын іске асыру агроқұрылымдар бірінші өнім алу үшін 306,2 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап айтқанда, 285,11 га картоп, 17,53 га қырыққабат, 3,40 га қияр егілді. Екінші өнім алу үшін болгар бұрышы, баялды, қияр және тағы басқалары егілген.
Ауыл шаруашылығында 52795 гектар егістік жер игеріліп, дәнді және бұршақты дақылдар 22,5 мың га, майлы дақылдар 6,7 мың га егілген, көкөністер мен бақша дақылдары 10,2 мың га, 13,4 мың га азықтық дақылдар егілген.
Қарқынды бау шаруашылығында 5 шаруа қожалықтары есебінен 35 га қарқынды бау егілген.
Бау өсіру шаруашылығында 22750 тонна жеміс-жидек жиналған. Оның ішінде 18001 тонна алма өндірілген.
ІҚМ саны 238,5 мың бас, құстың барлық түрі бойынша 178,5 мың бас бар. Құс басы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 13,5 мың басқа артқан.
Аналық ІҚМ тұқымдық түлендіру. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу
Есепті мерзімде 338 бас аналық ІҚМ тұқымдық түлендірілді, 367 бас бұқашық бордақылау алаңдарына өткізілді.
Құс өсіру шаруашылығында 13282,6 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілген.
Ет өңдейтін кәсіпорындары «АЛМА» АШӨК, «ДС и БРАТЬЯ» ЖШС- терінде 685 тонна шұжық өнімдері өндірілген.
Есепті мерзімде ауданға қарасты балық өндіретін Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Көмешбалық» ЖШС-і 703 тонна балық өнімдерін өндірген.
Бөлім басшысы саладағы өзге де көрсеткіштерді таныстырды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі жоғарыдағы салаларда орындалатын негізгі көрсеткіштердің жыл қорытындысымен қайта қаралатынын ескертіп, өнім көлемін арттыру бағытында нақты жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШ: АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТӨЛЕБИ: АЛАТАУДА ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.