ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ АРТҚАН — Төрттаған
Суббота, 29 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ АРТҚАН

19.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ АРТҚАН

READ ALSO

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Еркінбек Елшібеков айтты.
– Биылғы 1 қазандағы көрсеткішке сәйкес, Түркістан облысында салықтық түсімдер бойынша Мемлекеттік бюджет жоспары 102,6 пайыз орындалды. Жоспар бойынша өндірілуі тиіс қаржы — 267 613 млн теңге. Ал нақты түсім 274 475 млн теңгені құрады. Яғни 6 861 млн теңге артығымен орындалды. Республикалық бюджет 102,3 пайыз, ал жергілікті бюджеттің жоспары 103,2 пайыз болды. Сондай-ақ, салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қосымша кіріс көздерінен 14 621,6 млн теңге өндірілді. Ал Салық кодексіне сәйкес, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оған теңестірілген тұлғалар, мүгедектер мен көпбалалы жанұяларды қоса есептегенде көлік салығынан 38 130 азамат, мүлік салығынан 35 439 адам босатылды, — деді Еркінбек Кеңесбекұлы.
Спикердің сөзінше, кірістер органдарының кеден саласы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсетумен қатар еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз құзіреті шеңберінде жұмыстар атқаруда. Осы ретте Түркістандағы Әуежай кеден бекетінің қызметкерлерінің көмегімен Түркия мемлекетінен әкелінген декларацияланбаған алтын бұйымдары табылып, тәркіленді. Дәл осындай заңсыз тасымалдау фактісі бойынша 8 айда 14 дерек тіркелген.
Одан бөлек, Мемлекеттік кірістер органдарының міндеті тек қана бюджет қазынасын толықтырумен шектелмейді. Яғни салық мәдениетін арттыру үшін тұрғындар мен бизнес өкілдеріне салық, кеден заңнамаларындағы жаңашылдықтардан хабардар етуде бірқатар шаралар атқаруда. Жыл басынан бері 8 мыңға жуық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасында, Халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Яғни халықпен 900 кездесу, семинар, ашық есік күндері өткізілді. Интернет-ресурстарда 6 344 ақпарат жарияланып, телеарналар, радиолар мен баспа басылымдарда 893 шығарылым қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Бұл қосымшаны облыс бойынша 73 404 жеке кәсіпкер, ал «E-salyq Azamat» қосымшасын 199 029 тұрғын пайдалануда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗГЕНДЕРГЕ 38,97 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары ауыл жастарының өз ісін бастауына жол ашты

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өңір фермерлерінің ішкі нарықты тұрақтандыруға үлес қосуда

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Цифрлық сервистер халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырды

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Шағын және орта бизнеске қолдау жаңа деңгейге шықты

27.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
444

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
386
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
229
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
180
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.