ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Среда, 11 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды.

18.10.2022
Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды.
Ресми ашылуға қала әкімі М.Әйтенов, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік басқармасының басшылары, «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, “China Machinery Engeneering Corporation” директоры Ху
Джанху, университет ректорлары, профессорлар, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жоба арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.
Нысандар жеке инвестор-“Оңтүстік”қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен қаржыландырылуда, нәтижесінде қалада жаңадан 2500-нан астам жұмыс орыны ашылмақ.
Шараның салтанатты ашылуына қатысқан шаһар басшысы:
— Президентіміз Жолдауында басымдық бергендей, ел экономикасы мен халықтың денсаулығы арасында тікелей байланыс бар екені белгілі. Экономикалық дамудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дені сау ұлт тиімді экономиканы қалыптастырады. Ұлт саулығы өндіріс ресурсы, кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы болып табылады. Осы орайда, қаламызда жаңа заманауи аурухана салу халыққа медициналық көмектің сапасын арттыратындығына, төсек-орын тапшылығын қысқартуды қамтамасыз етіп, қаламыздың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін,-дей келе заманауи нысан салуға мұрындық болған «Оңтүстік» қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасына және жеке С.Сейтжанұлына белсенді азаматтық ұстанымы мен шаһардың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдірді.
Ал «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов мегаполисті көркейту, дамытуда жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді. “Шым шаһардың гүлденіп, түрленуіне әрбіріміз үлес қосқанымыз жөн. Өйткені Шымкент — біздің ортақ үйіміз. Ал ұлт саулығы Қазақстан болашағы үшін өте маңызды, дені сау ұлт қана Отанын дамыта алады”-деді ол.
Қала әкімдігі тарапынан бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін Бозарық-2 шағын ауданында орналасқан жалпы ауданы 150 га арнайы аурухана құрылысы үшін бөлінген жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүйелері атап айтқанда, электр, газ, су, кәріз жүйесі, телефония жеткізілді. Алдағы уақытта құрылыс кезеңінде қажетті жолдар мен жол инфрақұрылымының құрылысы қамтамасыз етіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАРАФОНҒА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
286
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
198

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.