ТҮРКІСТАН: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.

18.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.
Осы атаулы күннің аясында биыл облыс көлемінде бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама.
– Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бұл мерейлі күн жыл сайын облыс көлемінде жоғары деңгейде атап өтіліп келеді. Сол дәстүр биыл да облыстағы барлық қала, аудандарда жалғасады. Осы орайда, ертең 18 қазан күні, өңір басшысының облыстағы діни конфессия жетекшілерімен кездесуі өтеді. Қабылдау соңында діни конфессиялар жетекшілері мерекеге орай арнайы марапатталады. Сондай-ақ, облыстық дін істері басқармасы «Яссы» спорт кешенінде мерекеге орай спорттық сайыстар ұйымдастыруда. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг) турнирі. Оған облыс көлеміндегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері және діни бірлестік өкілдері қатысады, — деді Рүстем Сабыржанұлы.
Спикердің сөзінше, бұл шараға ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі, «Сарыағаш медресе колледжі» мен «Балаби қарилар дайындау орталығы», Қазақстан Халқы ассамблеясы, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, сондай-ақ, ТО Полиция департаменті мен Дін істері басқармасының спорттық командалары қатысады.
Сонымен қатар, турнирдің ашылуы, қорытындысы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өткізіледі. Жеңімпаздар дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен және естелік кубокпен марапатталады.
Еске салсақ, биыл бұл жалпыұлттық мереке Қазақстанда 30-ші рет өтпек. Бұл күн халықты біріктіреді, қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты, толеранттық идеялардың рухани бірлігін және дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТАНЫМАЛ ДӘРІГЕР МҰҚАН ЕГІЗБАЕВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАРАФОНҒА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.