Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Жоғарғы Боралдай елді мекенінің тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Жиында аудан басшысы жұмыс кестесіне енгізіп, өзі барып көретінін жеткізген болатын.
Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жоғарғы Боралдай елді мекеніне арнайы іс сапармен барып тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, елді мекеннің ішкі көшелерін толық аралап, жағдайымен танысты.
Тұрғындар тарапынан көтерілген ауыз су, электр бағаналары, жер, жол және тағы да басқа мәселелер жөнінде тиісті сала бойынша орынбасарлары мен мекеме бөлім басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындау жөнінде тапсырма берді.