ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ — Төрттаған
Пятница, 9 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

03.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Ағымдағы жылдың 9-ай қорытындысымен жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 41 млн.теңгеден асса, соның 39 млн.200 мың теңгесі салық түсімдерінен құралып отыр. Дегенмен, өткен жылдан өтпелі болып бүгінгі таңда 1375 жеке тұлғаның көлік салығы бойынша 34 млн.теңгеден астам берешек аудан қазынасына қайтпаған. Бұдан бөлек 1526 жеке тұлға мүлік және жер салығы бойынша қарыздар.
Бұл жайында бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұт тың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Абдуалиев мәлімдеді. Сонымен қатар, басқарма басшысы барлық бағыттағы жылдық болжамды жоспарларға тоқталып, бюджеттің кіріс бөлігі жыл қорытындысымен толық орындалатының атап өтті.
Лездемелік жиында салық түсімдерінің орындалу барысынан бөлек аудан аумағындағы арық-атыздардың бүгінгі жағдайы, Шақпақ пен Жабағылы ауылдық округіндегі есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы қаралды.
Соңғы жылдары ауданымыздағы өзекті болып келген 125 шақырымды құрайтын 13 су нысанының құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 35 пайызға ғана аяқталған. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды «Казсушар» мекемесінің аудандық бөлімшесінің басшысы Қ.Әзім баяндады. Яғни, жауапты өкілдің айтуынша бүгінде «ВИК» ЖШС мен келісім-шарт бұзылып, басқа мердігерге бұл жұмыстарды жалғастыруға беру мәселесі сотта қаралып жатқаның жеткізді.
Жиынды аудан әкімі қорытындылап, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты басшыларға біршама тапсырмалар жүктеді.
Атап айтсақ, салық түсімдері бойынша берешектерді өндіру, Республика күні мерекесіне дейін аудан аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ескірген үгіт-насихат құралдарын толық жаңартуды тапсырды. Қысқа дайындық мәселесін пысықтау мақсатында барлық әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін қайта тексеріп, газдан улану мен өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша насихат жұмыстарын жандандыру керектігін ескертті.
Халықпен есептік кездесулердегі көтерілген мәселелердің орындалуын үнемі қадағалап отыруды жүктеді. «Казсушар» мекемесінің өкіліне механикалық тазалауды қажет ететін су нысандарына тазалық жұмыстарын ауыл әкімдерімен бірге іске асыруды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БӘЙДІБЕК: КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ШАҚПАҚТА АУЫЗ СУ МЕН ГАЗДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАҒАН ӘКІМДЕР ЕСКЕРТУ АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.